Оқушыларға 2021-2022 оқу жылында күзгі және көктемгі каникулдар қысқарады

Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Бірінші сынып оқушыларына қосымша демалыс күндері берілмек.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының каникул мерзімдері көрсетілген бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында жариялады.

«Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталу, ұзақтығы мен каникул кезеңдерінің мынадай мерзімдерін айқындауды БҰЙЫРАМЫН: 2021-2022 оқу жылының басы — 2021 жылғы 1 қыркүйек», – делінген Білім министрлігі басшысының бұйрығында.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Мереке күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламалары мазмұнының интеграциялануын ескере отырып, қайталауға бөлінген сағаттардың есебінен келесі күндерге ауыстырылады.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) сыныптарда:

күзгі — 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазанды қоса алғанда) (өткен оқу жылында-10 күн) ;

қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 10 қаңтарға дейін қоса алғанда),

көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурызды қоса алғанда) (өткен оқу жылында-12 күн);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).

2021-2022 оқу жылындағы жазғы демалыс 26 мамырдан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қоғамдық талқылауда бұйрық 28 маусымға дейін болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-07
Утром-17.35 ℃
Днем-12.75 ℃
Вечером-11.09 ℃
Ночью-10.11 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра4.52 м/с
2026-02-08
Утром-7.13 ℃
Днем-5.25 ℃
Вечером-7.3 ℃
Ночью-5.24 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.23 м/с