Оралда жаңа автобустар пайда болды
Оралда 20 жаңа автобус пайда болды. Тұңғыш Президент алаңында автокөлік кәсіпорнының жүргізушілеріне кілттер табыстау салтанатты шарасы өткізілді.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев жиналғандарды құттықтап, мемлекеттік субсидиялар қолданыстағы жол жүру тарифін сақтауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Оралда жолаушылар тасымалымен 6 кәсіпорын айналысады. Облыс орталығында барлығы 29 қалалық, 10 саяжай және 6 қала маңына қатынайтын маршруттар бар. Күн сайын желіге 300-ге жуық автобус шығады. Олардың жартысы тозған және ауыстыруды қажет етеді. Қазіргі күрделі экономикалық жағдайда 80 теңгелік қолданыстағы тариф тасымалдаушыларға жаңа көлік сатып алуға мүмкіндік бермеді. Мемлекет мәселені шешу жолдарын тапты.
-Егер өткен жылы субсидиялар 550 млн теңгені құраса, биыл олар 1 млрд 200 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұған жауап ретінде тасымалдаушылар 100 жаңа автобус сатып алуға уәде берді. 30 — ы сатып алынды, олардың 20-сы қалаға келді, — деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.
Жаңа автобустар 81 жолаушыны қабылдай алады. Олардың әрқайсысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындар бар. 17 маусымда автобустар жолға шықты. Салонда электронды билеттеу жүйесі орнатылған.
— Қазір цифрландыруды енгізу қызметтерді карталармен және электрондық ақшамен төлеуге мүмкіндік береді. Автобус мүгедектерге арналған батырмамен жабдықталған, — деп атап өтті автокөлік кәсіпорнының бас бухгалтері Альфия Жалелова.
Айта кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айына дейін қаланың барлық автобус бағыттары электронды билеттеу жүйесімен жабдықталмақ.
