Өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай

Бүгін, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков пен БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев облыстағы жағдай туралы айтты.

Батыс Қазақстан облысына 16 маусым күні 62540 доза ресейлік «Спутник V» вакцинасының ІІ компоненті жеткізілді. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім етті.

Оның айтуынша, вакцина өңірдегі барлық медицина ұйымдарына бөлініп берілген. Қазіргі таңда медицина қызметкерлері тұрғындарды егілуге шақырып, вакцинациялау жұмыстарын жалғастыруда.

Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, науқан басталғаннан бері облысқа барлығы 269100 доза (148050-і – бірінші, 121050-і – екінші компонент) келіп түсті. Соның ішінде 136560-ы (105550-і – І, 93550-і – ІІ компонент) – Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасы.

Сондай-ақ 4 мың доза (2 мыңы – І, 2 мыңы – ІІ компонент) отандық «QAZVAС» вакцинасы, 50 мың доза (32500-і – І, 17500-і – ІІ компонент) Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген «Hayat – Vax» және 16 мың доза (8 мыңы – І, 8 мыңы – ІІ компонент) қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізілген болатын.

Облыс бойынша 80867 адам вакцинаның бірінші, 44543-і екінші компонентімен егілді.

Ал, Батыс Қазақстан облысында маусым айында 1313 адам коронавирус жұқтырған.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, соның 60 пайызы (789) ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген.

Сондай-ақ 29,3 пайызы (385) бұрын ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. 127 адамнан (9,6 пайыз) профилактикалық мақсатта, 12-сінен (0,9 пайыз) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, соңғы аптада (11-17 маусым) алдыңғымен (4-10 маусым) салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 10,5 пайызға (548-ден 490-ға) төмендеді.

Маусымның 1-інен бері зертханаларда 35764 ПТР тест зерттеуі (орта есеппен күніне 2103) жүргізілді. Инфекция көздерінің 35,5 пайызы (467) қоғамдық көліктерде, 33,9 пайызы (433) адамдар көп жиналатын орындарда, 28,7 пайызы (374) үй ошағында, 2,1 пайызы (28) еске алу, үйлену, басқа тойларға қатысу кезінде, 0,8 пайызы (11) жұмыс орнында анықталып отыр. Өңірде індет басталғаннан бері 23 871, соңғы тәулікте 71 адамнан коронавирус табылды.

«Облыс бойынша барлығы 505 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді. 1 маусымнан бері «Ashyq« жобасына қатысатын нысандарға үйлерінде оқшаулануға тиіс қызыл немесе сары мәртебесі 91 адамның келгені анықталды. Соның ішінде Оралда қызыл мәртебесімен 40, сарымен 36, Ақсай қаласында қызылмен 4, сарымен 3, Бәйтерек ауданында сарымен 2, Тасқалада сарымен 3, Казталовта сарымен 2, Теректіде сарымен 1 адамның жүргені белгілі болды», деді Н.Мұстаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-24
Утром-12.84 ℃
Днем-10.95 ℃
Вечером-9.95 ℃
Ночью-10.78 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра6.17 м/с
2025-01-25
Утром-12.15 ℃
Днем-9.93 ℃
Вечером-12.61 ℃
Ночью-14.03 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.97 м/с