БҚО-ға «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті жеткізілді

Өткен аптаның соңында вакцинаның екінші дозасы барлық медициналық ұйымдарға таратылды. Өңірімізге 62 540 дозада келді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгінгі таңда облыс тұрғындарын вакцинацияға белсенді түрде шақыратынын хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыста төрт өндіруші елден вакциналар ұсынылғанын айтты.

– Екпе жасағысы келетіндер ұсынылған вакциналардың бірін таңдай алады. Ресейлік «Спутник V», І және ІІ компоненттер арасындағы интервал 45 Күн, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес,»Спутник V» вакцинациялау кестесіне өзгерістер енгізілді. Осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу арасындағы Интервал 45 күн болуы керек. Екінші компонентпен 45 күнге вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне тұспа-тұс келу, басқа елді мекенге шығу және басқалары) 90 күн ішінде екпе жүргізуге рұқсат етіледі.

«QAZVAС» – қазақстандық өндіріс, І және ІІ компоненттер арасындағы аралық-21 күн.

«Hayat-Vax» – Араб өндірісі. І және ІІ компоненттер арасындағы аралық 14-тен 28 күнге дейін.

«CoronaVac» – Қытай өндірісі. І және ІІ компоненттердің аралығы 14-тен 28 күнге дейін, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, облыста барлығы 80 867 тұрғынның І компоненті егілді, оның ішінде «Спутник V» — 65 380, «QazVac» — 1 317, «Hayat — Vax» — 14 149, «Corona-Vac» — 21 адам. ІІ компонентті 44 543 адам алды.

Вакцинация науқаны басталғаннан бері облысқа вакцинаның екі компонентінің 269 100 дозасы жеткізілді, оның ішінде 148 050 доза — І компонент және 121 050 доза — ІІ компонент.

Денсаулық сақтау басқармасында еске салғандай, ҚР Бас мемлекеттік дәрігерінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 28 қаулысына сәйкес, КВИ кез келген түрімен ауырып жазылған пациенттерге сауыққаннан кейін 6 айдан соң және вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, вакцинациялау ұсынылады. Бұл ретте КВИ-мен ауырғандарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинация жүргізуге жол беріледі.

Вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін медициналық ұйым тұрғындарға вакцинация паспортын қағаз түрінде береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-06
Утром-6.37 ℃
Днем-3.7 ℃
Вечером-5.43 ℃
Ночью-6.66 ℃
Влажность65 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.77 м/с
2024-12-07
Утром-8.42 ℃
Днем-4.27 ℃
Вечером-5.74 ℃
Ночью-6.81 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.26 м/с