Ыстық +42 градусқа дейін. Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстанға 42 градус ыстық келеді. Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтардың айтуынша, кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон шұңқыры әсер етеді, онда найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
«Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстік жартысында түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады«, – делінген хабарламада.
Құтқару қызметінің мәліметінше, 22 маусымда БҚО-да 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өңірде дала, орман өрттерінің, сондай-ақ жайылымдар мен егістіктердегі өрттердің пайда болу қаупі артып келеді. Сонымен қатар, құтқарушылар мас күйінде суға түсу қаупі туралы ескертеді.