Қазақстанда карантин күшейтіледі – комиссия шешім қабылдады

Вакцина салдырудан бас тартатын қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі.

ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы фотосы

Коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды, деп хабарлады primeminister.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» («Үнді») штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар ұсыныс дайындады. Олар:

  • COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
  • КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;
  • «Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
  • «Ashyq» жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түлік емес базарларды қосу.

Айта кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин елордада коронавирустың «Дельта» штаммына тән мутацияның анықталуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтуді тапсырды. Себебі осы мутацияның таралу жылдамдығы өте жоғары, тез өршиді және салдары анағұрлым ауыр.

Нұр-Сұлтан әкімдігі қосымша карантиндік шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады. Елордада вирус жұқтырған 54 науқастан қосымша тексеріс үшін сынамалар алынған. Талдау қорытындысы бойынша пациенттердің 56%-інде «Дельта» штаммының ықтималдығы анықталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-18
Утром7.68 ℃
Днем12.84 ℃
Вечером12.21 ℃
Ночью10.83 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.7 м/с
2022-05-19
Утром8.63 ℃
Днем16.78 ℃
Вечером15.5 ℃
Ночью12.37 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.66 м/с