Оралда мас күйінде жол апатын жасаған полиция бастығы қамалмайтын болды. Оны қызметінен босатып, көлік жүргізу құқығынан айырды
21 маусымда Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған Абай қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Берік ИБРАШЕВКЕ қатысты істі қарады, деп хабарлайды БҚО сотының баспасөз қызметі. Оны көлік жүргізу құқығынан айырып, қызметінен босатты.

Соттың мәліметінше, 13 маусымда түнгі сағат 03.00 шамасында Volkswagen Passat-ті басқарған МПС бөлімінің бастығы Audi A4-пен қақтығысқа жол берген.
«Полицейдің мас күйінде болғаны анықталды. Ол өз кінәсін сотта мойындады.
ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігін бұзу (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы Көлік құралдарын зақымдауға әкеп соққан) 20 тәулікке әкімшілік қамауға және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Алайда аталған адам қамауға алудан босатылды, өйткені бұл шара құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданыла алмайды (ӘҚБтК – нің 32-бабының 2-бөлігі)», – деп хабарлады сотта.
Мұнда тәртіп сақшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Іс материалдары шешім қабылдау үшін БҚО ПД тапсырылды.
Сотта оларға іс 21 маусымда келіп түсті және сол күні қаралды. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО ПД Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам өзінің жағдайын кеше кешке ішімдік ішіп, ұйықтауға кеткенде кенеттен оны шұғыл қызметке шақырғанымен түсіндірген болатын.
«Қазір аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталды. Іс бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Полицейдің бұған дейін атқарған еңбегіне қарамастан, органдардан босатуға дейін шешім қабылданады», – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.
Полиция департаментінің мәліметінше, БҚО-да көлік жүргізушілері:
2020 жылы-41 ЖКО, 2019 жылы — 29 ЖКО, 2018 жылы-27 ЖКО.
2021 жылдың бес айында-10 ЖКО мас күйінде ұсталды.