Бір миллиард теңгеге «Орал — Атырау» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылады
Қазіргі уақытта «Орал — Атырау» автомобиль жолының 75-125 км учаскесін реконструкциялау үшін жобалаушыларды анықтау бойынша конкурстар аяқталды», — деп хабарлады»ҚазАвтоЖол» АҚ филиалы директорының орынбасары Шынар ЕРТАЕВА.

ЖСҚ әзірлеумен «Кустанайдорпроект «жобалау институты» ЖШС, «Казахский Промтранспроект» ЖШС және «Каздорпроект»ЖШС айналысатын болады.
ЖСҚ әзірленгеннен кейін трассаның 50 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады. ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) әзірлеу мерзімі 26 айға дейін жоспарланған.
ЖСҚ әзірлеу құны (барлық 8 лот бойынша 303 км және Орал қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы бойынша) 1 млрд.теңгені құрайды.
«Оралдан Чапай елді мекеніне дейін 1-ші санаттағы жол (4 жолақты, бөлу жолағы бар, 15 м. жүріс бөлігі бар) болады, ал Чапайдан Атырау облысының шекарасына дейінгі жолдың санаты жобалау жұмыстары кезінде айқындалатын болады» – деп атап өтті Шынар Ертаева
Орал-Атырау жолының жалпы ұзындығы 508 км. оның 302-сі БҚО аумағында орналасқан.
Соңғы рет жол 15 жыл бұрын қалпына келтірілді.
«Атырау-Орал» трассасын қайта жаңарту 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған.
Илья КРАВЧЕНКО