Оралда пойыздың астына түскен ер адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан – Орал бағытындағы жолаушылар пойызының астына түскен ер адам көз жұмды. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы оның жарақаттары өлімге әкелгенін айтты.

«Зардап шегуші ашық бас сүйек-ми жарақатын алды. Ер адам шұғыл түрде қалалық көпбейінді аурухананың реанимациясына жеткізілді. Операция кезінде науқас қайтыс болды», – деп атап өтті ведомстводан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
28 маусымда Нұр-Нұлтан – Орал жолаушылар пойызы белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан 25 жастағы ер адамды қағып кетті. Жәбірленуші жігіт комаға түскенімен өкінішке орай артынан қайтыс болды. Теміржолшылар жігітің құлаққапта болғанын және қозғалмалы құрамның алдында жүгіріп өткісі келгені айтты.