Оралда алты жасар қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасаған күдікті қолқатпен босатылды
Зардап шеккен қыздың ата-анасы полицияға арыз жазып, оны ұстады. Алайда келесі күні полиция ұсталған адамды ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберді. Зардап шеккен баланың туыстары полицияның бұл әрекетіне наразы.

24 маусымда балалар аулада ойнап жүрді», – дейді зардап шеккен қыздың анасы. «Менің қызым қатты қорқып, үйге келді. Мен одан не болғанын сұрадым. Ол ештеңе айтқан жоқ. Ал кешке ол төмеңгі жағының ауырсынуына шағымданды. Мен оны тексеріп, оның жарақат алғанын көрдім».
Қыз анасына көршісі оған балмұздақ алып беремін деп, үйіне апарғанын айтты.
«Ол маған ауырсынып, айқайлағанын айтты, сол кезде көрші ақа оған үндемеуін, әйтпесе ұрамын деген», — дейді қыздың анасы. «Біз полиция шақырдық, сосын оны алып кетті. Ал келесі күні ол босатылды. Қандай себеппен, біз білмейміз. Қазір ол бостандықта. Мен қызым үшін қорқамын. Ол сыртқа шықпайды, ол одан қорқамын дейді. Біздің көшеде көршілеріміздің бәрінің кішкентай балалары бар. Қазір олардың ата-аналары да қорқады, балаларын көшеге жібермейді.
Гүлдана полицейлерден тергеу кезінде баланы алдап алып кеткен күдіктіні қамауға алуды талап етеді.
Адвокат Жомарт ЕРНАЗАРОВ құқық қорғау органдары ер адамды неге қамауға алмағанын түсінбейді.
«Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық – зомбылық-бұл ауыр қылмыс, ҚР ҚК-нің 124-бабы «Жас балаларды азғындату». Тәжірибе көрсеткендей, барлық аймақтарда мұндай қылмыс орын алған кезде күдікті қамауға алынады. Мұнда біз керісінше әрекет көреміз», – дейді адвокат.
Полиция департаменті бұл фактіге дейін бірқатар сараптамалар тағайындалғанын, бірақ тергеу мүддесі үшін қалған мәліметтер жария етілмегенін хабарлады.
«Факті бойынша ҚР ҚК 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қолхатпен. Тергеу барысында барлық жағдайлар анықталады»,-деп жауап берді баспасөз қызметі.
Серік ЕСЕНОВ