БҚО-ның 31 ауылдық округінде әкімдердің тікелей сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсынуға тоғыз күн қалды

Ауылдық округ әкімдерін сайлау 25 шілдеге белгіленген. Кандидаттарды ұсыну 26 маусымда басталып, 2021 жылдың 9 шілдесінде аяқталады.

Ауыл әкімдерін сайлау туралы хабарды аумақтық сайлау комиссиялары 25 маусымда жариялады. Облыста сайлауды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 241,6 млн. теңге бөлінді.

Ашық көздерден алынған фотосурет.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысының аудандық аумақтық сайлау комиссиялары 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалды.

Ақжайық ауданы бойынша:

1.Бударин ауылдық округі;

2.Сарытоғай ауылдық округі;

3.Тайпақ ауылдық округі.

Бәйтерек ауданы бойынша:

1.Зеленов ауылдық округі;

2.Чиров ауылдық округі;

3.Январцев ауылдық округі.

Бөкей ордасы ауданы бойынша:

1.Саралжын ауылдық округі;

2.Темір Масин ауылдық округі.

Бөрлі ауданы бойынша:

1.Ақсу ауылдық округі;

2.Бөрлі ауылдық округі;

3.Қанай ауылдық округі;

4.Қарағанды ауылдық округі;

5.Қарақұдық ауылдық округі.

Жаңақала ауданы бойынша:

1.Бірлік ауылдық округі;

2.Жаңажол ауылдық округі;

3.Жаңақазан ауылдық округі;

4.Көпжасар ауылдық округі.

Казталов ауданы бойынша:

1.Бостандық ауылдық округі;

2. Жаңажол ауылдық округі;

3.Казталов ауылдық округі;

4.Көктерек ауылдық округі.

Қаратөбе ауданы бойынша:

1.Аққозы ауылдық округі;

2.Жусандой ауылдық округі;

3. Сұлукөл ауылдық округі.

Сырым ауданы бойынша:

1.Бұлан ауылдық округі;

2.Жосалы ауылдық округ әкімі аппараты;

3. Сарой ауылдық округі.

Теректі ауданы бойынша:

1. Ақжайық ауылдық округі;

2. Ақсуат ауылдық округі;

3.Подстепное ауылдық округі;

4. Приречен ауылдық округі.

Аумақтық сайлау комиссиялары кандидаттарды ұсыну 26 маусымда басталып, 2021 жылғы 9 шілдеде 18.00-де аяқталатынын хабарлады.

Батыс қазақстан облысы бойынша 147 ауылдық округ, 1 аудандық маңызы бар қала, 3 кент бар.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу туралы бастама көтерді. 2021 жылғы 24 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша түзетулерді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді.

Кім өз кандидатурасын ауыл әкімдері сайлауында ұсына алады?

Екі механизм қарастырылған:

тіркелген саяси партиялардың кандидаттарды ұсынуы;

өзін-өзі ұсынуына.

Өзін-өзі ұсынған кандидат тиісті ауылдық округте тұратын сайлаушылардың қолдарының кемінде 1% – ын өз қолдауына жинауы тиіс.

Және мемлекеттік қызметте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Сайлау қалай өтеді?

Сайлауды өткізу тәртібі:

ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындау;

ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну (саяси партиялармен өз мүшелері қатарынан, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен);

кандидатты (өзін-өзі ұсынушыны) қолдау үшін қол жинау;

кандидаттың сайлау жарнасын енгізуі (ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде);

ауылдық округ әкіміне кандидаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру;

аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеуі;

кандидаттардың декларациясын тексеру және арнайы тексеру жүргізу;

үгіт науқанын өткізу;

сайлау өткізу;

ауылдық округ әкімдігіне кандидаттардың дауыстарын санау;

егер сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда (сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде, не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде) немесе екі кандидат ең көп бірдей дауыс санын жинаған жағдайда ауылдық округ әкімдерінің қайта сайлауын өткізу;

селолық округтер әкімдерін сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында белгілеу және жариялау;

сайланған ауылдық округ әкімін тіркеу.

Сайлауда кім жеңімпаз бола алады?

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-16
Утром-2.41 ℃
Днем-5.32 ℃
Вечером-10.64 ℃
Ночью-10.59 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра10.45 м/с
2025-02-17
Утром-14.57 ℃
Днем-9.74 ℃
Вечером-12.4 ℃
Ночью-15.33 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.76 м/с