Шаған арқылы өтетін жол мен көпір құрылысын қаржыландыру көзі әлі анықталған жоқ
Өткен жылдың қыркүйек айында Орал әкімдігі «БҚО, Орал қаласында Сыдықов көшесінен «Ақжайық» тұрғын ауданының егжей – тегжейлі жоспарлау жобасына дейін көпір өткелі бар автомобиль жолының құрылысы» жобалық — сметалық құжаттамасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды», – деп хабарлады ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Ербол Арыстанғалиев.

Болашақ көпір жобасының құны шамамен 11 млрд. 651 млн. теңге
– Көпір құрылысы келесі жылға жоспарланғандықтан, осыған байланысты қаржыландыру әлі бөлінген жоқ. Қаржыландырудың жоқтығынан мердігерлік ұйымды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілмеген, – деп хабарлады Ербол Арыстанғалиев.
Қаржыландыру бөлінген жағдайда жобаны іске асыру 2022 жылға жоспарланып, құрылыс 25 айға есептелген.
– Бас жобалаушы «АлматыДорПроект»ЖШС. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған шарттың сомасы 90 000 миллион теңгені құрады,- деп атап өтті Ербол Арыстанғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйек айында Шаған арқылы өтетін көпірдің құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау кезінде Орал тұрғындары қарсы шықты. Қала тұрғындары жол мен көпір салу үшін 1,5 мың ағашты кесіп, Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағының солтүстік бөлігін бұзу қажет екендігімен келіспеді. Қала әкімдігі қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасын (ҚОӘБ) жариялаудан бас тартты.
Осы жылдың мамыр айында БҚО әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі осы жылы Шаған арқылы өтетін жаңа «Ақжайық»шағын ауданына көпір салуға тендер өткізетінін хабарлады.
Мария Драчева
Сондай-ақ оқыңыз: Орал тұрғындары Шаған арқылы өтетін жол мен көпір құрылысына қарсы шықты (БЕЙНЕ)
БҚО әкімдігі биыл Шаған арқылы жаңа «Ақжайық» шағын ауданына көпір салуға тендер өткізеді
Оралда әкімдік өкілдерімен кездесуде тұрғындар – «Ал сіз бізден сұрадыңыз ба?»
«Ақжайық» шағын ауданының құрылысы көктемде басталады деп күтілуде