БҚО тұрғындары жолдарды өздері жөндеуде
Батыс Қазақстан облысындағы шағын ауыл тұрғындары кірме жолды өз бетінше ретке келтіруді ұйғарды. Қазір олар құрылыс материалдарына ақша жинап, үлкен шұңқырларды жаба бастады.

Бәйтерек ауданы Володарка ауылы Оралдан 20 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенге кіреберіс жолдың екі шақырымдық учаскесі өткен ғасырдың сексенінші жылдары салынған. Содан бері жолды ешкім жөндеген жоқ. Шұңқырлар мен шоқалақтар машиналардың сағатына 20 шақырымнан артық жүруіне жол бермейді.
«Биыл жолды жөндеуге ешкім қаражат бөлген жоқ. Біз ақшаны өзіміз жинауды шештік. Қазіргі уақытта 140 мың теңге жиналды. Біреу 500, біреу 10 мың теңге тапсырды. Біз кешке, бәрі жұмыстан оралған кезде жолды жөндеуге шығамыз. Біз шұңқырларды асфальтпен немесе цементпен жабуды ойлаймыз. Жергілікті әкімдіктен бізге компрессормен көмектесуді сұраймыз. Онсыз цемент біркелкі болмайды», – деді жергілікті тұрғын Вера Иванова.
Володарка ауылында мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар елді мекенге айналма жолдарды пайдаланады. Әйтпесе, автомобильдер жарамсыз болып қалады. Бірақ жаңбырдан кейін олар бәрібір асфальтқа шығады.
«Адамдардың белсенділік танытып, жолдарға қамқорлық жасайтыны қуантады. Бұл сенбілік сияқты. Біз Володарское ауылы тұрғындарының бастамасын қолдаймыз. Біздің округтің елді мекендеріне кіретін жолдар жөндеуді қажет етеді. Володарское ауылы бойынша 2022 жылы жобаны әзірлеп, жұмысты 2023 жылы бастаймыз», – деп атап өтті БҚО Бәйтерек ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулет Убаев.
Сондай-ақ, әкімдік жергілікті тұрғындарға жол-құрылыс техникасымен көмектесуге тырысатындарын мәлімдеді.