Кімді жұмыс орнына жібермейді-ҚР Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, онда вакцинацияланбаған қызметкерлерінің жұмыс орындарына қол жеткізуін шектейтін компаниялар мен кәсіпорындардың тізбесін айқындады.

Тізімде соңғы үш ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілім алған және COVID-19 жұқтырып, ауырып жазылған адамдар ерекше қаралады.(Тенгриньюс)

Ашық көздерден

Тізімге мынадай ұйымдар/нысандар кіреді:

  • қызмет көрсету жөніндегі нысандардың (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі нысандар, өзге де нысандар);
  • халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • мәдениет және демалыс нысандары (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
  • халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары);
  • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
  • санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
  • қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;
  • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
  • денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
  • дәріхана ұйымдары;
  • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
  • байланыс және телекоммуникация нысандары;

Егер қызметкер вакцина алмаған болса, ол міндетті түрде ПТР-сынамасын 7 күнде бір рет тапсыруы керек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-11-27
Утром-4.07 ℃
Днем-0.01 ℃
Вечером-3.21 ℃
Ночью-3.83 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.53 м/с
2021-11-28
Утром-1.12 ℃
Днем0.8 ℃
Вечером0.47 ℃
Ночью0.49 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра6.41 м/с