Орал саяжайшылары газсыз қалды
Орал маңындағы бірнеше саяжай қоғамының тұрғындары газсыз қалды. Оны газбен қамту ұйымы – «ҚазТрансГазАймақ»АҚ филиалы өшірді. Бұл жерде мердігерлер желілерге қызмет көрсетпейтінін және бұл адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін айтты. Газбен жабдықтау қашан басталатынын ешкім білмейді.

Адамдар әртүрлі ұйымдардың табалдырығын тоздырудан шаршады. Олардың саяжай қоғамын газбен жабдықтауды желілерге қызмет көрсетумен айналысатын мердігер ұйым жүзеге асырды. Бірақ олар мұны жеңінің ұшымен жасаған. Ал, мұның кесірін, газдарын краннан айырған тұрғындар көріп отыр. Енді қымбат электр қуатын пайдаланып тамақ дайындауға тура келеді.
– 15 күн бойы газ жоқ. Мердігерлерді табу мүмкін емес. Телефон өшірулі, – дейді Орал қаласының тұрғыны Валентина Бондаренко.
«Волна» саяжай қоғамының төрағасы бұл жағдай үнемі қайталанып отыратынын атап өтті. Газ шаруашылығына жауапты адамдар жоқ. Газ тарту үшін көп ақша алып, мердігерлер үндемеуді жөн көреді.
– Орал бойынша 39 бақша қоғамы газбен қамтамасыз етуден ажыратылды. Барлығы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ – на келіп тіреледі», – дейді» Волна » бақ қоғамының төрайымы Роза Қанатова.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ мердігерлік ұйыммен қол қойылған шарттар бар екенін атап өтті. Құжаттарда желілерге техникалық қызмет көрсетудің барлық циклы жазылған. Бірақ қазір мердігер тұрғындармен байланысқа шықпайды және өз міндеттемелерін орындауға асықпайды.
– Жоспарлы жұмыстар жүргізілмейді, нормативтік емес шығындарға алып келетін газ жіберулер анықталды, дейді «ҚазТрансГазАймақ» БҚОФ АҚ ӨТБ бастығы Сергей Бердышев.
Олар барлық кемшіліктерді жойғаннан кейін газды қосуға уәде берді. Бірақ нақты қай күні екенін ешкім белгілеген жоқ.