БҚО-да аудан әкімдері ауысты
Осы уақытқа дейін ол БҚО ішкі саясат басқармасын басқарған 40 жастағы Нұрлыбек ДАУМОВ Бөкей орда ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол сегіз жылдан астам уақыт бойы ауданды басқарған Нұрлан Рахымжановтың орнына келді.

Даумов 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономикалық кибернетика»мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс істеген орындары:
«Қазпочта» акционерлік қоғамының қаржы қызметтері бөлімінің маманы;
БҚО ішкі саясат департаментінің жетекші маманы, бас маманы;
БҚО әкімі аппаратының бас инспекторы;
БҚО ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бөлімінің бастығы;
ҚР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық-саяси істер департаменті қоғамдық-саяси істер басқармасының сарапшысы
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы»акционерлік қоғамының бас сарапшысы;
БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы;
БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
Орал қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы;
2018 жылдың 17 мамырынан бастап Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып табылады.

Сонымен қатар, ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес Қадыржан Сүйеуғалиев Қаратөбе ауданының әкімі болып тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Қадыржан Орынбасарұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын агрономия, Еуразия академиясын экономика мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің маманы, І-дәрежелі аға маманы, бөлімінің меңгерушісі, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маман-бөлім меңгерушісі, Қаратөбе, Шөптікөл ауылдық округтерінің әкімі, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс жасады.
2016 жылдан Қаратөбе ауданы маслихатының хатшысы қызметін атқарды.