Батыс Қазақстанда жол апаты төрт адамның өмірін қиды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Олардың арасында жеті жасар бала бар. Полиция департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу бастады.

Облыстық полицияның ақпаратынша, жол апаты 1 шілде кешкі тоғыздар шамасында Чапаев – Жаңақала – Сайхин тас жолында болған.

«Тас жолда Lada Granta мен ВАЗ-2107 соқтығысты. Салдарынан төрт адам, соның ішінде жеті жасар бала көз жұмды», – деп нақтылады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі жолшыбай көлікті басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Жол апатының мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы – «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 17 жол-көлік оқиғасы орын алып, 49 адам қаза тапты, тағы 187 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром23.42 ℃
Днем28.95 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с