«Дельта» штаммы еліміздің барлық облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте табылды. Мұны оң үлгілердің ПТР скринингі растады.
48,3% нәтижеде Үнді штаммы табылды.
-Мутацияның болуын және оның дельта штаммына жататындығын түпкілікті растау ДНҚ үлгілерін толық геномдық ретке келтіру аяқталғаннан кейін анықталады,-деді ведомствоаралық комиссия (ВАК).

ДДҰ-ның 2021 жылғы 1 шілдедегі деректері бойынша SARS-CoV-2 «дельта» штаммы әлемнің 96 елінде анықталған.
ВАК дельта штамм клиникасының ерекшеліктері инкубациялық кезеңнің бес күнге дейін қысқаруы, ішек симптоматикасы, аурудың тез дамуы, жас науқастар санының көбеюі, балалар мен жүкті әйелдер арасындағы ауыр курс екенін айтады.
Сондай-ақ, ҚР-да коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарлағандай, Қазақстанда барлығы 428 163 covid-19 ауруы тіркелген, оның 25 126 БҚО-да.
– Өткен тәулікте, 1 шілдеде елімізде коронавирустық инфекцияның 2 590 жаңа жағдайы тіркелді. БҚО-да КВИ – ға оң ПТР-тестпен 143 адам анықталды, – деді ҚР ВАК-да. – 2 шілдеде КВИ – дан 27 261 адам ем алуда, оның ішінде 517 адам ауыр халде, 108 пациент аса ауыр халде, ӨЖЖ аппаратында-72 пациент.
Айта кету керек, БҚО коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.