«Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесемін»: Путин Назарбаевқа уәде берді

Ресей президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде Қазақстан халқына Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесуге уәде етті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

«Елбасының Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары барысында маңызды мәселелер талқыланды. Соның бірі – қазақ халқы үшін киелі артефакт болып саналатын Кенесары ханның сүйегін табу және Қазақстанға қайтару. Нұрсұлтан Әбішұлы Ресей президентінен осы жұмысқа ықпал етуді сұрады», – дейді Үкібай.

Назарбаев қазақ халқы үшін соңғы ханның сүйегін тауып, оның туған жерінде жерленіп, рухының тыныш табуы өте маңызды екенін жеткізген.

«Владимир Путин Қазақстанның тұңғыш президентіне ресейлік тарап жан-жақты көмек көрсететінін хабарлады. Путиннің айтуынша, артефакт табылады және Қазақстан халқына қайтарылады», – деп атап өтті Елбасының баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Кенесары ханның сүйегін қайтару мәселесі талай рет көтерілді. Ғалымдар да, мәжіліс депутаттары да айтып, үкімет деңгейіне дейін жеткізген. Алайда соңғы ханның сүйегі әлі табылған жоқ. Тарихшылардың айтуынша, Кенесары ханның бас сүйегі Санкт-Петербургте өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін Эрмитажда тұрған. Оны ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан да көрген. Ал одан кейін қайда кеткені белгісіз. Ғалымдар біраз музейді аралап шыққан. Бірақ ханның сүйегін таппады.

2022 жылы қазақтың аңызға айналған билеушілерінің бірі Кенесары Қасымұлының (1802-1847) туғанына 220 жыл толады. Тарихи деректерде Кенесарыны 1847 жылы қырғыз жеріндегі Кекілік-Сеңгір аңғарында ұстап, Жамбы ауылында өлтіргені, денесін сонда қалдырып, бас сүйегін Омбыдағы Батыс-Сібір аймағының генерал-губернаторы, князь Петр Горчаковқа апарып бергені айтылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-10-23
Утром8.67 ℃
Днем10.64 ℃
Вечером13.3 ℃
Ночью12.12 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.26 м/с
2021-10-24
Утром11.66 ℃
Днем13.22 ℃
Вечером10.02 ℃
Ночью7.24 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.66 м/с