«Құл сияқты жұмсайды»: Жаңаөзенде екі күн ереуілге шыққан жұмысшылар аштық жарияламақ

Жаңаөзенде «КЕЗБИ» компаниясының 600-ден астам жұмысшысы ереуілге шықты. Олар еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көтеруді, өздері құрған кәсіподақ белсенділерін қудаламауды талап етуде. Айтқанымыз орындалмайынша жұмысқа кіріспейміз деген мұнайшылар енді аштық жарияламақ.

“Елмен қатар айлық алғымыз келеді ғой бәріміз де. Алатын 200 мың теңге. Оны кімге жеткізесің? Істеп жатқан жұмыстарымыз, солардан көп жасаймыз НГДУ-дан. Ұңғымаларды жөндейтін жұмысшылар «Кезби» компаниясының басшылығы артық істелген жұмыстың ақысын төлемей, шеберлерге жұмыс уақытын мәжбүрлі түрде азайтып жаздыртады дейді. Мұнай өндірісіне тікелей қызмет етіп жүргендер жұмысқа берілген техникалар адам өміріне қауіпті екенін де айтады. Басшылар «Құл сияқты жұмсайды» деп ызаланған бір топ адам мұндай қорлыққа енді шыдамаймыз”,– дейді жұмысшы Ахмет Жақсыбаев.

Ереуілдеген жұмысшылар жұмыс берушіден:

Жалақыны көтеріп, сыйақы төлеу жүйесін қайта қарастыруды,

Мереке күндерінде жасалған жұмыстар мен зиянды аймақтағы жұмыс үшін ақы төлеуді,

Жұмысшылар мансабын еңбек өтіліне қарай көтермелеуді,

Еңбек демалысында қосымша сауықтыру орындарына баруды қамтамасыз етуді,

Ұңғымаларды жөндейтін шеберлерге жағдай жасауды,

Бұрғышылардың қасына көмекші беруді,

Стандартқа сай құрал-сайманмен қамтамасыз етуді,

2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмысшыларға берілетін қаражат туралы есеп беруді талап етеді.

Жұмысшылар өздерімен мәмілеге келу үшін құрылған келісім комиссиясының нәтиже бермегенін айтады. Бұл комиссияға компания мен билік өкілдері және бірнеше жұмысшы кірген еді.

“Жекеменшік мекеме болғаннан кейін біз ішкі экономикалық жағдайына араласа алмаймыз. Мәселені екі жақты келіскеннен кейін жұмысшыларға айтады, хабарлайды. Мәселе әрине, экономикалық жағдай, бәрі ақша-қаражатқа тіреледі. Барлығымызға ортақ заң бар. Сондықтан барлығы заңның аясында болу керек деп есептеймін”, – дейді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

Телеарна мәліметінше, мыңға жуық азамат бас көтеріп, талаптарын жаудырып тұрғанда «Кезби» компаниясынан сұхбат беруге ешкім шықпады. Тіпті күзетшіге түсірілім тобын кіргізбеуге тапсырма беріп қойыпты.

«Кезби» компаниясының бас директоры Бітім Кезбаевқа телефон арқылы мәселенің барлығы тапсырыс беруші тараптан екенін жеткізген. Десе де қызметкерлердің ереуілге шығуы заңсыздық деп отыр.

“Ол жөнінде біз хат жаздық әкімге де, бәріне. ҚазМұнайгазга да жаздық. Енді біз не істейміз. Олар ертең-ертеңмен отыр. Уақытында жауап беріп жатқан жоқ. ӨзенМұнайгаз аз төлеп отырғанда тендермен келді ғой. Жыл сайын айлық азаяды деген азаматтар ауыр жұмысқа 200 мың теңге жалақы алу ең үлкен қорлық деп есептейді. Ал дәл қазір олар әкімдікке аштық жариялайтындары туралы хабар жіберіп жатыр”,- «КЕЗБИ» ЖШС Бас директоры Бітім Кезбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-16
Утром10.93 ℃
Днем15.47 ℃
Вечером15.85 ℃
Ночью11.26 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра7.23 м/с
2022-05-17
Утром8.6 ℃
Днем15.9 ℃
Вечером13.73 ℃
Ночью9.88 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра7.83 м/с