Науқастың құқықтарын қалай қорғауға болады

Егер сіз көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз, медициналық персонал тарапынан дөрекілікке, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Сіз мыналарды пайдалана аласыз:

Көмек алу үшін пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне хабарласыңыз. Мұндай қызмет әр медициналық ұйымда жұмыс істейді. Кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, жазбаша өтініш жазу жеткілікті. Толығырақ ақпаратты емхананың немесе аурухананың қабылдау бөлімінен білуге болады.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығына жүгіну. Барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармаларына бағынатындықтан, олардың өкілдері Сіздің мәселеңізді шешуге әсер ете алады.

Qoldau 24/7 қосымшасында өтінім қалдыру. Сіздің Qoldau 24/7 өтінішіңізден кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық ұйыммен хабарласады және қызмет көрсету сапасын тексереді, Егер сіз қандай да бір себеппен оны алмаған болсаңыз, онда олар бас тарту себебін анықтайды. Барлық өтініштер тізілімге тіркеу нөмірін берумен енгізіледі, соның арқасында өтініштің мәртебесін қадағалауға болады.

@SaqtandyryBot Telegram-ботында өтінім қалдырыңыз. Ол үшін негізгі мәзірде «1406 хабарлама жіберу»пәрменін таңдау керек. Өтінімде мәселенің мәні, сондай-ақ аймақтың және медициналық ұйымның атауы болуы керек.

Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Қазақстанның барлық аумағында ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Фонд Медицинского Страхования

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-10-23
Утром8.84 ℃
Днем10.92 ℃
Вечером13.3 ℃
Ночью12.12 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.26 м/с
2021-10-24
Утром11.66 ℃
Днем13.22 ℃
Вечером10.02 ℃
Ночью7.24 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.66 м/с