БҚО-да тұрғындардың өздері жөндемек болған ауыл жолын әкімдік қолға алды
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Володарка ауылына кіреберіс жол ретке келтіріледі. Бұл туралы ауылдық округ әкімдігінде хабарлады. Жергілікті билік жол жөндеу жұмыстарына өздерә кіріскен тұрғындарға көмектесуге шешім қабылдады.

2 шілдеде жолға жол техникасы мен жұмысшылар бригадасы келді. Пайдаланылған асфальт шұңқырларға құйылып, оны жол тегістегішпен тегістей бастады.
«Адамдар да, техника да табылды. Бұл асфальт битумсыз қанша уақытқа созылатындығын білмейміз. Бізге жолды өз бетінше жөндеуге шықпауымызды айтты. Сонымен қатар, біз шұңқырларды дұрыс жасамаппыз. Оларды кескішпен кесу керек. Ал біз ломмен ойдық», – дейді ауыл тұрғыны Вера Иванова.
Теректі ауылдық округінің әкімдігінде жөндеу жұмыстары демеушілік қаражат есебінен жүргізілетінін нақтылады. Володарка ауылына дейінгі жолдың екі шақырымдық учаскесінің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға тек 1,5 миллион теңге қажет.
«Шұңқырларды толтыру үшін адамдар 140 мың теңге жинады. Бұл ақша жеткіліксіз. Олар тіпті қандай құрылыс материалдарымен шұңқырларды жабатынын шешкен жоқ. Қазір біз апатты жағдай болмас үшін және машиналардың бұзылу қаупі туындамас үшін шұңқырларды бұрын қолданылған асфальтпен жабамыз. Біз 2022 жылы жолды толық жөндеуден өткіземіз деп үміттенеміз», – деді БҚО Бәйтерек ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулет Убаев.
Естеріңізге сала кетейік, Володарка ауылына баратын жолдың жөнделуін күтуден шаршап, тұрғындар қаражат жинап, үлкен шұңқырларды өз бетінше жоюды бастаған еді.