Вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Алғашында вакцина салдыру міндеті 20 адамнан асатын ұжымдарға ғана таралады деген болатын. Алайда «ИП» ашқан және жалғыз өзі істейтін кәсіпкерлер де екпе салдыруға міндетті.

Көрнекі сурет

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің соңғы қаулысы бойынша 20 адамнан асатын ұжымдардың барлығы 15 шілдеге дейін вакцина салдыруға міндетті. Осыған орай денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев белгіленген уақытқа дейін екпе алмаған жұмысшылар мен жұмыс берушілер қандай жазаға тартылатынын айтып берді.

Оның айутынша, шағын, орта және ірі кәсіпорындардың жұмысшылары жазаға тартылмайды, оларға айыппұл салынбайды. Ал вакцина салдырмаған адамдарды жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделеді.

«Мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды, нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсті деңгейде орындамауы үшін айыппұл төлейді», – делінген осы бапта. Айыппұлдың көлемі де көрсетілген. Олар:

жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге шамасында),

лауазымды адамдарға – 15 АЕК (43 755 теңге шамасында),

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (291 700 теңге шамасында),

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (583 400 теңге шамасында),

ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (1 458 500 тенге).

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысанның қызметін тоқтатуы да мүмкін.

Осы орайда қоғам ішінде «ИП» ашқан және жалғыз өзі істейтін кәсіпкерлерге қатысты сұрақтар жиі қойылып жатыр. Мәселен, шаштараз жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзі ғана жұмыс істейді.

«Ондай жеке кәсіпкерге микро-ИП ретінде жеке адамдарға қарастырылған айыппұл (5 АЕК) салуға шешім қабылданды», – дейді Байтанаев.

Тексеріс қашан басталады

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, тексеріс шаралары 15 шілдеде басталады. Бірақ ол кезде ішінара тексеріс болады, жұмысшылардың бірінші компонентті қабылдау жағы тексеріледі.

«Ал 15 тамыздан кейін жаппай тексерістер басталады. Сонда жұмысшыларға вакцинаның толық екі компоненті егілді ме, жоқ па, осыны тексереді. Мониторингтік топтар да осы жұмысқа тартылады», – деп атап көрсетті Байтанаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда вакцинаның көлемі жеткілікті. Аймақтарда 2 миллион екпе бар. Qazvac-тың 100 мың дозасы мен Қарағанды зауытында шығарылған «Спутник V»-дің тағы 1,5 миллион дозасы жеткізіледі.

Сондай-ақ, қытайлық Sinovac вакцинасын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром22.7 ℃
Днем35.3 ℃
Вечером34.51 ℃
Ночью27.11 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.96 м/с
2025-07-12
Утром23.98 ℃
Днем33.02 ℃
Вечером33.45 ℃
Ночью26.17 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.8 м/с