Биыл Құрбан айт 20-22 шілдеге түсіп тұр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл құрбандық шалу рәсімі қалай атқарылатынын түсіндірді.

2021 жылы құрбан шалу рәсімі екі жолмен өткізіледі. Ол:

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.

Бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесі негізінде www.qurban2021.kz сайты арқылы тапсырыс беріп, онлайн режимде құрбандық шалу.

«Карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру – оңтайлы шешім. Шариғат бойынша адам өзінің атынан басқа кісіні белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені адам баласы кейбір жағдайда бір істі орындауға мүмкіндігі болмай қалады. Осы кезде біреудің көмегіне жүгінеді, яғни сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді», – дейді мүфтият мамандары.

Осы орайда діни басқарма ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның мұсылмандық міндетін атқаруына ешқандай шектеу жоқ екенін ерекше атап өтті. Ал www.qurban2021.kz сайтында тапсырыстар 20 шілде күні айт намазынан кейін қабылданады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен мүфтияттың жергілікті өкілдіктері айналысады.

«ҚМДБ қаржыға араласпайды. Құрбандыққа шалынатын түлік бағасы жергілікті нарық бағасымен көрсетіледі. Осы орайда еліміздің әр аймағындағы малдың бағасы әртүрлі екенін ескеру қажет. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында малдың бағасы бірдей болмауы мүмкін. Ал тапсырыс берушіден түскен қаражат мал иесіне, яғни сатушыға тікелей беріледі. Өйткені бұл делдалдық қызмет емес. Көрсетілген сомаға қасапшының қызметі ғана кіреді», – деп атап өтті мүфтият өкілдері.

Онлайн тапсырыс беру кезінде құрбандық етін бөлшектеп, мұқтаж жандарға тарату сынды барлық ұйымдастыру жұмыстарын мешіт жамағаты мен еріктілер тегін атқарады.

Осы орайда діни басқарма құрбан шалу кімге уәжіп екенін тағы бір мәрте еске салды. Ханафи мәзһабында құрбан айт күндері бай адамға құрбан шалу – уәжіп (міндет). Ал шариғат «бай» деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамды айтады.

Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе қажеттілігінен артық 85 гр алтын (1 230 000 теңге) қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-07
Утром10.39 ℃
Днем22.41 ℃
Вечером22.85 ℃
Ночью15.99 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра3.29 м/с
2024-09-08
Утром14.89 ℃
Днем25.6 ℃
Вечером26.36 ℃
Ночью20.1 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.8 м/с