Министрлік маусымда Covid жұқтырған 405 адамның өлімін ресми статистикаға қоспаған

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі маусымда Covid жұқтырып көз жұмған 405 марқұмды «өліміне басқа дерт себеп болды» деп статистикаға қоспаған. Бұл жайт 8 шілдедегі брифингте денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шорановтың сөзінен белгілі болды, деп хабарлайды «Азаттық».

Вице-министр бұл адамдардың 60 пайызы жүрек-тамыр ауруларынан қайтыс болғанын айтты.

Qazaq Times тілшісі ДДСҰ нұсқаулығында оқыс жағдайдан басқасының бәрін коронавирус өліміне қосу керек деп жазылғанын еске салып, шенеуніктен бұл деректен неліктен коронавирустың негізгі статистикасына қосылмай отырғанын сұрады. Вице-министр жауап бере алмады.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі Азаттыққа 2020 жылғы наурыз бен 2021 жылғы мамыр аралығында Covid ілеспе диагноз болған 1962 өлім тіркелгенін айтқан. Маусым айындағы көрсеткішті қосқанда, барлығы 2367 кісінің өлімі осы есепке қосылған.

Бұл есептің барын Денсаулық сақтау министрлігі былтыр 31-канал мен Азаттық зерттеуінен кейін мойындады. Зерттеу Алматы түбінде коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеуге арналған зиратта ресми көрсеткіштен көп адам жерленгенін көрсеткен.

Министрлік бұл есептің барын мойындағанымен, оны өздігінен жүйелі түрде жариялап тұрмайды. Тек журналистер сауал жолдағанда ғана айтады.

Ресми статистика бойынша, Қазақстанда коронавирусқа барлығы жарты миллион адам шалдығып, оның сегіз мыңы қайтыс болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: АҚШ-тағы зерттеу орталығы: Қазақстанда COVID-тен болатын өлім-жітім 14,5 есеге төмендетілген

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-01-20
Утром-11.48 ℃
Днем-8.97 ℃
Вечером-9.85 ℃
Ночью-11.94 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.97 м/с
2022-01-21
Утром-13.87 ℃
Днем-7.62 ℃
Вечером-10.61 ℃
Ночью-9.4 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.57 м/с