Елімізде карантин күшейтіледі – комиссия отырысы өтті

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Primeminister.kz.

Primeminister.kz сайтынан.

Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдауды тапсырған болатын. Комиссия отырысында тапсырманы орындау барысы талқыланды.

«Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері жұмысына тыйым салынады

  • қоғамдық көліктің;
  • «Ashyq» жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану нысандарының;
  • «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру орындары, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
  • «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
  • «Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
  • «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
  • «Ashyq» жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың жұмысына.

Жұмыс күндері қызметі шектеледі

  • «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің жұмысы сағат 20.00-ге дейін ;
  • «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлерінің, сауда желілерінің сағат 18.00-ге дейін; «Ashyq» жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін.

Отырыс соңында вице-премьер мемлекеттік органдар мен өңір әкімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирусқа қарсы вакциналаумен қамтуды арттыруды тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с