БҚО-да 17 шілдеден бастап қатаң карантин еңгізілмек

Қоғамдық көлік қозғалысы, мейрамханалар мен базарлардың жұмысы тоқтатылады.

«ОА» мұрағатынан

Бүгін, 13 шілдеде КВИ таратпау жөніндегі жедел штаб отырысы өтті. Отырыста БҚО бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев өңірде COVID-19 жағдайы тұрақсыздығын, жұқтырғандар саны өсіп келе жатқанын, кейбір аудандардағы инфекциялық стационарлар іс жүзінде толтырылғанын айтты.

– Соңғы аптада коронавирустық инфекция жағдайларының өсуі 17% – ды құрады. Өсім облыс аудандарында да байқалады. Мәселен, Казталов ауданында стационар 20 орынға есептелген,оның 18-і науқастар. Жалпақтал ауылында да стационарды орналастыру қажеттілігі туындады, – деді Мұхамғали Арыспаев және жұқтырғандар өзін-өзі оқшаулау режимін бұзуды жалғастырып, қоғамдық орындарға баруына наразы болды. – 5-12 шілде аралығында Ashyq қосымшасының көмегімен «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 54 адам анықталды. Барлық нысандар Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуі керек.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, кеше, 12 шілдеде КВИ таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «қызыл» аймақтағы аймақтарда карантинді күшейту туралы бұйрық берілген. Айта кетейік, БҚО «қызыл» аймақта 26 маусымнан бастап тұр.

– 17 шілдеден бастап карантинді күшейтуді ұсынамын, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Санитарлық дәрігердің ұсынысы КВИ таратпау жөніндегі жедел штаб отырысында қабылданды.

Сонымен, 17 шілдеден бастап БҚО-да карантин күшейтіледі. ВАК деректеріне сәйкес карантиндік шектеулер мынадай болады:

Тоқтатылатындар:

  • – «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
  • – жабық жағажайлар мен су парктерінің қызметі.

Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынатындар:

  • – қоғамдық көлік;
  • – «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
  • – «Ashyq»жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер ; ;
  • – «Ashyq»жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармониялар, компьютерлік клубтар, боулингтер, бильярд, караоке, көрмелер;
  • – «Ashyq» жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілерді;
  • – «Ashyq» жобасына қатысатындарды қоспағанда, спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары) ;
  • – білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары;
  • – «Ashyq»жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорт.

Жұмыс күндері қызметі шектелгендер:

  • – «Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20.00-ге дейін;;
  • – ОСО (ойын-сауық орталығы), сауда үйлері, сауда желілері «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан сағат 18.00-ге дейін;
  • – «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт-сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтындар-сағат 18.00-ге дейін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-10-24
Утром11.7 ℃
Днем13.39 ℃
Вечером10.97 ℃
Ночью7.78 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.95 м/с
2021-10-25
Утром5.53 ℃
Днем6.73 ℃
Вечером4.97 ℃
Ночью4.09 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.05 м/с