БҚО фермерлері Маңғыстау облысында аштықтан өліп жатқан малды құтқару үшін көмек жинауда
Шаруа қожалықтарының иелері малға жем-шөп жинауды бастап кетті.

Көршілес Маңғыстау облысында аптап ыстықтан жауын-шашын болған жоқ, бұл аймақтың мал шаруашылығына теріс әсер етті. Мұнда шабындық жерлер қалмады және бұл малдың жаппай қырылуына әкелді. Ресми ақпарат бойынша, өңірде жұт салдарынан мыңнан астам мал басы өлген. БҚО фермерлері әріптестерінің мәселесіне түсіністікпен қарап, оларды қолдауға шешім қабылдады.
— Біздің отандастарымыз осындай проблемаға тап болған кезде біз шетте қала алмаймыз. Өйткені бұл әркімнің басынан өтуі мүмкін. Біздің өңірде көмек көрсетуге дайын табысты шаруалар аз емес. Фермерді тек фермер ғана түсіне алады. Мал шаруашылығы біздің еліміздегі ең маңызды сала болып табылады және біз қолымызды қусырып отыра алмаймыз, — дейді Бөрлі ауданының «Аманат» шаруа қожалығының басшысы Бақыт Далабаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда көмекке Бөрлі ауданынан тоғыз фермер, Бәйтерек ауданынан екі фермер және Казталов ауданынан бір фермер жауап берді.
— Көмек негізінен жем-шөп түрінде келеді. Біреу 50 орам шөп ұсынды, біреу-30. Ақшамен көмек ұсынған кәсіпкерлер бар. Осы қаражат есебінен де мал азығы сатылып алынады. Жеткізу туралы әлі ойлаған жоқпыз, алдымен көмек жинап алу керек, — дейді Бақыт Далабаев.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 701 070 48 84 нөмірі бойынша Бақыт Далабаевқа қоңырау шалуға болады.
