БҚО-да 500 орындық жеке мектеп ашу жоспарлануда
Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында белгілі болды.

Отырыста бірнеше жоба ұсынылды. Бұл Зашаған кентіндегі «БАТЫС» медициналық торап орталығы, оны МЖӘ шеңберінде ТИЗО құрылысы аяқталмаған ғимаратының базасында іске асыру жоспарланып отыр. Инвестицияның жалпы сомасы-150 млн АҚШ доллары. 1-ші кезеңдегі қуаттылық ауысымына 500 келушіні құрайды. Жобаны іске асыру 450 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі медициналық қызмет деңгейі жақсы болған жағдайда қаланың осы бөлігінің тұрғындары қызығушылық танытып, аталған медициналық мекемеге тіркелетінін атап өтті.
«Alar Trade Agro Jaiq» ЖШС Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы ешкі сүті мен сүт өнімдерін өндіру фермасының жобасын ұсынды. Жобаны бұрынғы Ақжайық колледжінің аумағында ғимараттарды, іргелес аумақтарды, сондай-ақ ауданы 1100 га жер учаскесін қолдана отырып іске асыру жоспарлануда, салымдардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңге. Жобаның қуаттылығы 1 – кезеңде – заанен тұқымды 200 бас ешкі сатып алғанда-жылына 27000 литр ешкі сүті, 2-кезеңде сүзбе, кілегей, май, ірімшік шығару және 3 жыл ішінде мал басын 1000 басқа дейін ұлғайту жоспарланған. Колледж базасында қарбыз өнімдерінің шағын өндірісін құру жоспарлануда.
Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде облыс әкімі «Аqjaiyq «ӘКК» АҚ-ға қазір жұмыс істемейтін және тоқтап тұрған бұрынғы Ақжайық колледжін жобаға беру мәселесін пысықтауды тапсырды.
«Е.М. Куксова» ЖК отырысы барысында қайталама шикізатты қабылдау және қайта өңдеу, айына 1000 тонна қуаттылығы бар крафт қағаздар мен гофротаралар дайындау бойынша 1,2 млрд теңгеге инвестициялық жоба және Орал қаласында 500 орындық ғимаратты реконструкциялау және мектеп ашу жобасы ұсынылды.
Мемлекеттік қолдау аясында облыс әкімі спорт алаңына аумақ бөлуге, сондай-ақ ҚР БҒМ Қаржы орталығымен күрделі және операциялық шығындарды өтеу бойынша шарт жасасуға көмек көрсетуді тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық уәкілетті органдарға жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Осы жобаларды іске асыру негізгі капиталға инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді және басым салаларды: целлюлоза-қағаз өнеркәсібін, білім беруді, АӨК және медицинаны дамытуға үлес қосады.