БҚО-да ауыл әкімдері сайланады
Батыс Қазақстан облысында 25 шілдеде ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді. 31 округтегі әкімдер креслосына 82 адам үміткер болып отыр. Дәл осынша кандидат облыстық сайлау комиссиясында тіркелді. 11 адам әртүрлі себептермен алынып тасталды.

БҚО Теректі ауданы Подстепное ауылында 10 мыңға жуық адам тұрады. Олардың 6671-і дауыс беруге құқылы. Адамдар ауылда оң өзгерістер байқалады дейді. Жаңа әкімнен басталған жұмысты жалғастыру талап етіледі.
-Мен алдағы 25 шілдедегі сайлауға міндетті түрде қатысамын. Біздің кентте шешілмеген мәселелер бар – бұл жолдар мен тозған электр желілері. Подстепныйда жаңа спорт және балалар алаңдары пайда болады деп үміттенеміз, – дейді ауыл тұрғыны Арсен Жанғалиев.
Сайлау учаскелерінің бірі орта мектепте жабдықталған. Мұнда барлығы дауыс беру күніне дайын.
– Сайлау учаскесінің аумағында 2198 сайлаушы тіркелген. Учаске сайлауға дайын, – деп атап өтті №367 сайлау учаскесінің төрағасы Жаслан Шәкіров.
Айта кетейік, 25 шілдеде 4 жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округтердің әкімдері сайланатын болады.
– Сайлау 25 шілдеге белгіленген. Төрт округте ауыл әкімдерін таңдайтын болады, – деді Теректі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Кенжеғұлов.
Облыстық сайлау комиссиясында жұмыс қызу жүргізілуде. Мұнда олар сайлаушылардың толық келуіне үміттенеді.
– 31 округке 82 адам. Орта есеппен бір орынға 2,6 адам келеді. 39 адам-саяси партиялардың өкілдері және 43 өзін – өзі ұсынған азаматтар, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.
Айта кетейік, сайлауды ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 240 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.