Бейәдеп іс-шараны ұйымдастырған кәсіпкерге 650 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Бұл туралы өңірлік коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды.

Бейнежазбадан скриншот.

17 шілдеде кешке Бәйтерек ауданындағы су жағасында бір топ адам қызылды-жасылды шаммен көмкерілген сахнада жалаңаш билегендердің «өнеріне» куә болды. Смартфонмен түсірілген бейәдеп бейнежазба әлеуметтік желіде таралды.

«Трекин ауылдық округі Жайық ауылында жаңа жағажайдың ашылуына байланысты өткен іс-шараға 150 адам қатысқан. Соған байланысты біздің бөлімшеге полиция департаменті іс материалдарды жолданды. Шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған кәсіпкер Дүйсекеновке 670 мың теңге көлемінде айыппұл салу жөнінде шешім қабылдағалы отырмыз», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Ол демалыс күндері барлық жағажайды жабуды ұсынды.

«Көпшілік жерде індет жұқтыру қаупі зор. Жедел штаб мүшелеріне барлық жағажайды сенбі-жексенбі күндері жабу мәселесін қарастыруды ұсынамын. Әсіресе, Бәйтерек ауданында мұндай демалыс аймақтары өте көп. Жағалауға шоғырланғандар, әсіресе, жастар карантин талаптарын өрескел бұзуда», – деді Мұхамғали Арыспаев.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Мерхат Аженов Бәйтеректегі жиынға 150 адам қатысқанын растады.

«Әкімшілік кұқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық) сай көпшілік іс-шараға қатысқандар жауапқа тартылады. Қазіргі уақытта кінәлі адамдардың бірі – 1992 жылғы жігіт туралы мәлімет белгілі болды. Басқа да тәртіп бұзғандар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік іс материалдары жиналған соң, сотқа жолданады», – деді Мерхат Аженов.

Жедел штаб отырысында облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан басшысы Марат Тоқжановтан бейәдеп іс-шараның өткізілуіне байланысты түсініктеме беруді талап етті.

«Оқиға болған жерде ресми түрде жағажай ашылмаған. Ауданда ресми тіркеуге алынған екі-ақ жағажай бар. Қалғаны – көпшілік суға түсетін орындар. Ресми түрде есепке алынбағандықтан әрі жекеменшік аумаққа тиесілі болғандықтан, ол жерге мониторинг топтары бармаған. Бәйтерек аудандық полиция бөлімі, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және прокуратурамен бірлесіп, негізгі мән-жайды анықтаудамыз. Кәсіпкер Қайрат Дүйсекенов жағажайды жалға бергенін айтып, жауапкершіліктен басын алып қашып отыр. Бірақ кінәлі адамдар жазадан құтылмайды», – деді Марат Тоқжанов. Облыс әкімі Ғали Есқалиев ел ішінде індет жайлап жатқанда, Бәйтерек ауданында айтуға ауыз бармайтын сорақылықтың орын алуы қоғам үшін өте өкінішті жайт екенін айтты.

«Бәйтерек ауданында карантин талаптарының сақталуын қадағалау тиісті деңгейде атқарылмай отырғаны белгілі болды. Сол себепті аудан әкімі Марат Тоқжановқа қатаң сөгіс жариялаймын. Идеологияға жауапты аудан әкімі орынбасарына, оспадарсыз оқиға болған ауыл әкімі мен бейбастыққа жол берген мониторинг топ басшысына қатысты тиісті деңгейде тәртіптік шара қолдануды тапсырамын. Жағажайды жалға берген кәсіпкерді және жалға алғандарды қатаң жазалаған дұрыс. Демалыс күндері жағажайлар мен басқа да көпшілік тынығатын орындар жабылуы керек. Осыған қатысты бас санитар дәрігердің ұсынысын қолдаймын», – деді Ғали Есқалиев.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев облыста COVID-19 науқастарының саны артып келе жатқанын айтты.

– Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 14,2% – ға өсуі байқалады. Сырқаттанғандардың ең көп саны Оралда – 44% (1586), Бәйтерек ауданында – 16% (573), Бөрлі ауданында – 13% (461), Теректі ауданында – 5% (176), Казталов ауданында – 4% (147), Ақжайық ауданында – 3% (115), Тасқала ауданында – 2% (104) тіркелді, – деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман Қалибеков инфекциялық стационарларда, оның ішінде реанимацияда жатқандардың өскенін хабарлады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-10-21
Утром-0.15 ℃
Днем4.77 ℃
Вечером4.02 ℃
Ночью7.41 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра9.66 м/с
2021-10-22
Утром7.81 ℃
Днем12.19 ℃
Вечером12.76 ℃
Ночью11.74 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.47 м/с