Елде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында президент шұғыл түрде іс-шаралар қолдану керектігіне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жедел жәрдемнің қажетті жабдықсыз келетін жағдайлар жиі кездеседі. Нәтижесінде пациентті құтқаруға қымбат уақыт жоғалады. Анықталған фактілерге қарамастан, өңірлер ауыр науқастарды емдеуге арналған бөлімшелердің жоғары жабдықталуы туралы есеп беруді жалғастыруда. Бұл әкімдіктер мен Үкімет тарапынан бақылаудың жоқтығын немесе жағдайды жақсы етіп көрсеткілері келеді. Бұған жол беруге болмайды, – деді Президент.

«Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын», – деді мемлекет басшысы.

Ол өңірлердің басым бөлігі қызыл аймақта екенін атап өтті. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп бара жатқанына тоқталды.

«Өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі», – деді президент.

«Соңғы уақытта ауру жұқтырғандар мен байланыста болғандар, яғни «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдардың қоғамдық орынға баруы жиі тіркелуде. Бағдарлама оларды анықтаған кезде қара ниетті адамдар басқа орнын іздеуге кетеді. Мұндай жауапсыз адамдар айыппұлдан да қорықпайды немесе ешкім оларға айыппұл салмайды. Мұндай жауапсыз әрекет үшін жазалануы тиіс. Карантиндік шектеу талаптарын сақтамағандар үшін жазаны күшейтуді тапсырамын», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев қазіргі уақытта өзекті мақсат – вирустың таралуын тоқтату емес деп отыр. Өйткені әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр.

«Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», – деді ол.

Былтыр жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Денсаулық сақтау жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар», – деді Тоқаев.

Президент тапсырмасы бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілгенін атап өтті. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді.

«Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек», – деді ол.

Президент Ішкі істер министрлігі жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырды.

«ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырамын. Ол қоғамдық ұйымдар, халықтан түскен ақпаратты өңдеп, үйлестіретін болады», – деді президент.

Мемлекет басшысы иммунизация процесін баяулатып тұрған маңызды мәселе – жалған вакцина паспорты екенін ерекше атап өтті. Мұны дер кезінде тоқтату маңызды. Жұмыс басталды, жалғастыру керек, деп толықтырды ол.

«Кейбір өңірлерде вакцина сақтаудың температуралық режимі бұзылған. Бұл оның тиімділігін азайтты», – деді Тоқаев.

Ол вакцинаны сақтау мен тасымалдау ісін жан-жақты пысықтауды тапсырды.

«Коронавирустың жаңа толқыны ең жойқын болып отыр. Соңғы күндері жүздеген азаматымыздан айырылып қалдық. Әр өңірде ауруханаға түскен науқастардың саны күрт көбейді. Жансақтау бөлімдерінің барлығы іске қосылды. Қосымша дәрі-дәрмек пен құрал-жабдық сатып алынды», – деді президент.

Вакцина салдырудан бас тартатын қазақстандықтарды ешкім мәжбүрлемейді. Президент вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс істеуде сараланған әдісті қолдану қажет екенін айтты.

«Бұл біртекті топ емес. Вакцинадан бас тарту себептері әртүрлі. Мұндай адамдар арасында екіұдай пікірде жүргендер де бар. Бүкіл тетікпен, соның ішінде әлеуметтік желі арқылы оларды сендіру қажет. Батыстың кейбір дамыған елдерінде сендіруден мәжбүрлеу әдістеріне көшіп жатыр. Біз бұған бармаймыз», – деді Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Десе де, мемлекет басшысы ірі еңбек ұжымдарында міндетті вакцинация енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Мемлекет басшысы азаматтардан айырылып жатқанымызды айтып, шұғыл түрде іс-шаралар қолдану керектігіне тоқталды. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны міндетті түрде іске асыруымыз қажет деп тапсырды.

Еліміздің әр азаматына айтарым: денсаулықты сақтаңыздар, туған-туыстың, отбасының амандығын ойлаңыздар! Ал, Үкімет пен өңір басшылары белгіленген міндеттердің бәрін мінсіз атқаруға тиіс, – деді Тоқаев.

Ол үкіметке кеңесте көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қабылданған шаралар туралы бір ай ішінде баяндауды сұрады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-09-20
Утром4.91 ℃
Днем15.46 ℃
Вечером14.69 ℃
Ночью13.14 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.18 м/с
2021-09-21
Утром11.73 ℃
Днем15.44 ℃
Вечером18.73 ℃
Ночью15.19 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.2 м/с