Оралдық өнертапқыштың күнмобильі Қазақстан жолдарына шыдамады

Оралдық Никита Поддубнов есімді өнертапқыш үш мың шақырым жол жүруді көздеген еді. Ол көлігін күнмобиль деп атады. 7 шілде күні балмұздақ сататын көлікке ұқсайтын машина Оралдан шығып, Талдықорғанға бет алған.

Алайда, шасси жүктемені көтере алмағандықтан, Никита шалғайда қалды.

Өнертапқыш күннен қуат алатын электромобильмен үш мың км жол жүруді жоспарлап еді, алайда күнмобиль небәрі мыңға жуық шақырымды еңсерді.

Аралдан 200 км жердегі Е38 тас жолында машина сынып қалды. Күнмобильдің қаңқасы жол сынағына төтеп бере алмай, алдыңғы бір амортизатордың бекітілген жері шытынап кеткен. «Альфа» мопедінен алынған дөңгелек дискісінің де жағдайы жақсы емес. Дөңгелектің бекітілген жері төмпешіктен өткенде шытынапты.

Блогер интернеттегі арнасында өзіне көмек қажет екенін хабарлады. Саяхатшыға дөңгелек пен дәнекерлейтін құрал керек.

Никита әзірше сапардан бас тартуды қаламайды, ол жылдамдығы 40 шақырымнан аспайтын көлігімен Талдықорғанға жетуге бекініп отыр.

Дереккөзі: kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-18
Утром-25.79 ℃
Днем-17.27 ℃
Вечером-18.9 ℃
Ночью-17.89 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра3.22 м/с
2026-01-19
Утром-12.97 ℃
Днем-9.63 ℃
Вечером-8.84 ℃
Ночью-9.84 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.2 м/с