БҚО-да дауылдан ағаштар құлап, үйлердің шатырын жұлып кетті
Батыс Қазақстан облысында дауыл бірнеше әлеуметтік нысандарға зиян келтірді. Балабақша мен мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті. Сондай-ақ, облыстың екі ауданында жеке үйлер шатырсыз қалған.

Төтенше жағдайлар департаменті дауылдың 20 шілде күні сағат 16-дан 19-ға дейін күшейгенін хабарлады.
«БҚО Бәйтерек ауданы Мичурино ауылында 154 шаршы метр аумақта балабақша шатырын ұшырып әкеткен. Сондай-ақ жеке үйдің шатыры желге ұшқан. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар, Бөрлі ауданының Қарақұдық кентінде қатты жел мәдениет үйі мен екі жеке үйдің шатырын жұлып алды», – деп атап өтті БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Мичурин ауылдық округінде жергілікті әкімдікке балабақша иесі жеке кәсіпкер өтініш білдірді.

«Бізге жеке балабақшаның иесінен және үйдің төбесін жұлып алған кенттің тағы бір тұрғынынан шатырдың құлауы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл фактілер бойынша шешімді ТЖ комиссиясы қабылдайды. Біз құлаған ағаштарды өз күшімізбен алып тастадық», – деп атап өтті БҚО Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимов.

Айта кетейік, кеше төтенше қызмет қатты жел туралы ескерткен болатын.