БҚО-да бейәдеп кешке қатысушылар қамауға алынды
Орал маңындағы жағажайда бейәдеп кештің екі қатысушысы қамауға алынды. Тағы біреуінің тағдырын Бәйтерек ауданының әкімшілік соты шешеді. Сондай-ақ, сотта заңсыз бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушылардың жауапкершілігі қаралмақ.

Полицейлер Орал қаласының маңындағы жағажайда бейәдеп кештің үш белсенді қатысушысының жеке басын анықтай алғанын хабарлады. Жастарға қатысты 434-баптың 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Іс БҚО Бәйтерек ауданының № 2 аудандық сотымен қаралды.
«28 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалса, 20 жастағы әйелге бес тәулікке қамау тағайындалды»,-деп хабарлады БҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сотта қоғамдық тәртіпті бұзу 18 шілдеде түнгі сағат екі шамасында «Ваниль жағалауы» жағажайында болғанын атап өтті. Жастар мас күйінде болып, тыр жалаңаш биге қатысты.
Жағажай иелері мен жалға алушыларға да қатысты хаттамалар жасалған.
«Өңір «қызыл» аймақта орналасқан және жаппай жиналуға тыйым салынады. ЖК иелері үшін айыппұл 230 АЕК (670 910 теңге), ЖШС үшін — 310 АЕК (904 270 теңге)«, — деп атап өтті БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев.
Еске сала кетейік, Орал қаласының маңында жеке жағажайда кеш ұйымдастырылды. Онда жастар ұятсыз байқауларға қатысып, тыр жалаңаш шешінді. Бұл оқиға жедел штаб отырысында қаралды. БҚО әкімі Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жариялап, барлық қатысушыларды қатаң жазалауға шақырды.
