БҚО әкімдігі жоғары оқу орындарына түсушілерге 94 грант бөлді
Ең көп грант медициналық жоғары оқу орындарына бөлінді.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындары арасында жоғары білімі бар мамандарды даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жарияланатынын хабарлады.
– Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қатысу үшін өтінімдер 2021 жылғы 26-30 шілде аралығында, жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, индекс 090000, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 мекен-жайы бойынша қабылданады. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында және е-mail: uo.zko@bko.gov.kz. электронды поштасында қабылданады.