БҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бұған дейін Темірхан Меңдіғалиев «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры болып жұмыс істеген. Қазір ол облыстағы құрылыс, көлік және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып 48 жастағы Темірхан Меңдіғалиев тағайындалды.
Темірхан Меңдіғалиев жоғары білімді. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу автомобиль-жол институтын «инженер», «инженер-механик»мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары:
– Орал «Металлист»зауытында токарь;
– «Оралавтожол» Орал қазыналық кәсіпорнының жетекші, бас маманы;
– «Қазақавтожол» Батыс Қазақстан облыстық филиалының №31 ПДУ бастығы;
-ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасында жауапты лауазымдарда;
– ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары;
– «ҚазАвтоЖол «ҰК»АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2020 жылдан бастап «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»ШЖҚ РМК мемлекеттік есепке алу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Темірхан Меңдіғалиев құрылыс, көлік және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.