Автобустар сенбі күндері де жүрмейді-БҚО бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы
Жаңа шектеу Батыс Қазақстан облысының аумағында қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қосылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысына өзгерістер 24 шілдеде енгізілді.
Қосымша шектеу қоғамдық көліктің жұмысына әсер етті. Сенбі күндері автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Бұған дейін автобустар жексенбі күндері карантиндік шаралар туралы қаулы бойынша жүруді тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер тасымалдаушы кәсіпорындардың басшыларынан 26 шілдеден бастап жолаушыларды салондағы отырғызу орындарының саны бойынша қатаң тасымалдауды қамтамасыз етуді және қарбалас уақытта маршруттарға қосымша автобустар жіберуді талап етеді.
