БҚО-да ковидтік стационарлар науқастарға толған

Батыс Қазақстан облысында инфекциялық стационарлар ауыр жүктемемен жұмыс жасауда. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді. 26 шілдеден бастап БҚО-да карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулы күшіне енді.

Мұхамғали Арыспаев атап өткендей, қазір стационарлық жағдайда емді өңірдің 783 тұрғыны алады, оның 55-і реанимация бөлімшелеріне орналастырылды.

«Инфекциялық стационарларға үлкен жүктеме түсіп жатыр. Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы стационарда орын жоқ. БҚО Бөрлі ауданында стационар 75 орынға есептелген, қазір онда 73 науқас жатыр. Біз карантинді күшейтуге мәжбүрміз. Аурудың күрт өсуі байқалады. Тек шілде айында КВИ аймақтың 5 мыңнан астам тұрғыны ауырып қалды. Өткен жылы 3 мың адам болды», – деді ол.

Жалпы Орал қаласында 911 төсек-орынға арналған 7 стационар жұмыс істейді, олардың жүктемесі 67,3% – ды құрайды (911-дің 613-і).

26 шілдеден бастап БҚО – да бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді.

«Коронавирустың неғұрлым жұқпалы «дельта» штаммы таралуда. Демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады, сондай-ақ сауда орталықтары, базарлар, қоғамдық тамақтану объектілері, фитнес-орталықтар, балалар ойын-сауық орталықтары, сауналар, моншалар, бассейндер жабылады. ХҚКО, «Қазпошта» бөлімшелері және діни нысандар жұмыс істемейді», – деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО аумағында барлығы 20 инфекциялық стационар жұмыс істеуде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

two × 1 =

x
2023-09-29
Утром10.93 ℃
Днем19.9 ℃
Вечером18.2 ℃
Ночью14.01 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра6.02 м/с
2023-09-30
Утром10.61 ℃
Днем18.12 ℃
Вечером16.49 ℃
Ночью13.37 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.66 м/с