Теңізде ESS компаниясының қызметкерлері ереуілге шықты

25 шілдеде таңертең Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жалақыны көтеруді талап еткен ESS жұмысшыларының ереуілі басталды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» басылымы.

Бейнежазбадан алынған кадр

ESS компаниясы – «Теңізшевройлдың» мердігер мекемесі. «ТШО» ЖШС мұндай жағдайға байланысты әдеттегіше түсінік берді: «Теңізшевройл»-ға ESS/Compass-Kazakhstan мердігер компаниясының қызметкерлері еңбек қатынастарына қатысты алаңдаушылық білдіргендігі белгілі болды. ТШО-ға мердігер компания басшылығының туындаған мәселені шешу үшін шұғыл шаралар алып жатқаны хабарланды. Бұл ESS/Compass-Kazakhstan компаниясының ішкі мәселесі болғандықтан, бұған қатысты барлық сауалды осы компанияның басшылығына жолдаған жөн».

Өз кезегінде, «ESS Support Services» ЖШС бас директоры Майк ТАЙЛОР «AЖ» сауалына ресми жауап ретінде компания басшылығына 213 қызметкерден жалақыны көтеру туралы өтініш түскенін айтты: «Біз қызметкерлерімізді және олардың істеген жұмысын бағалаймыз. Біз қызметкерлермен ашық диалог жүргіземіз және осы мәселені шешу үшін қолданыстағы ҚР еңбек заңнамасы шеңберінде жұмыс істейтін боламыз. Осы уақытта біз ESS Ұжымдық шартының талаптарына сәйкес, жылдық инфляцияны ескере отырып, жалақыны жүйелі түрде қайта қарау бағдарламасын жүргізіп жатқанымызды хабарлаймыз. 2021 жылдың қаңтарында бағдарлама аясында сағаттық төлемді 6%-ға арттырды. Сонымен қатар ESS басшылығы негізгі мүдделі тараптармен, жергілікті және аймақтық үкіметтермен, кәсіподақтармен бірге серіктестік аясында жұмыс істейді. Біз сонымен бірге қызметкерлермен және оларда туындайтын кез-келген мәселені талқылауға әрқашан дайынбыз», – делінген хатта.

Осы уақытта интернетте Теңізде болған ереуілдің видеосы тарап жатыр. Онда ереуілдер толқыны Маңғыстаудан Атырау облысына ауысқаны айтылған. Еске салсақ, өткен аптада Маңғыстау облысында бірнеше мұнай-газ компаниясының жұмысшылары жалақыны көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шыққан болатын. «ӨзенМұнайГаз» АҚ компаниясының өндірістік нысандарын күзететін «KMG-Security» ЖШС қызметкерлері айлық жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеруді және мереке қарсаңында сыйақы төлеуді талап етті. Іле-шала Қаражанбас мұнай кен орнын қорғаумен айналысатын KMG-Security компаниясының басқа бір филиалының жұмысшылары да өз талаптарын қойды. Содан кейін оларға «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС қызметкерлері қосылды. Ал осы аптада ESS-тің 200-ден астам қызметкері осындай өтінішпен өз компаниясының басшылығына жүгінді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.99 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с