Алаяқ әйел Орал қаласы тұрғынының 12 млн теңгесін жымқырып кеткен
БҚО полициясы алаяқтық фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері 50 жастағы азаматшаның пәтерін сатамын деген желеумен 12 700 000 теңгесін иемденген Орал қаласының тұрғыны -38 жастағы әйелді ұстады.
Оның басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлімі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.