БҚО ауыл әкімін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жұмыстан шығармақ

Батыс Қазақстан облысының Әдеп жөніндегі кеңесі Бәйтерек ауданы Янайкино ауылының әкімін қызметінен босатуды ұсынды. Ауған Альмурзин мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

«ОА» мұрағатынан

Мемлекеттік қызметшінің ісі Әдеп жөніндегі кеңесте онлайн-форматта қаралды. Бұл карантиндік шектеулерге байланысты.

«2021 жылдың 11 мамырында Орал – Атырау тас жолында автокөлік тоқтатылды, оның рульінде Янайкино ауылының әкімі Ауған Альмурзин болды. Медициналық куәландыру мемлекеттік қызметкердің мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады», – деп хабарлады БҚО мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінен.

Аудандық соттың шешімімен Ауған Альмурзин ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (Мас күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы). Құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Альмурзиннің өзі мас болғанын жоққа шығармады. Алайда ол бір кружка сыра ішкенін атап өтті.

«Бұл мемлекеттік қызметшінің өрескел әрекеті. Орал-Атырау тас жолында көптеген апаттар орын алуда. Олардың көпшілігі адамдардың өлімімен аяқталады. Ауыл әкімінің теріс қылықтан кейін жұмыс істеуге құқығы жоқ деп санаймыз», – деді БҚО Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшіні ауыл әкімі қызметінен босату туралы ұсыныс жасады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-24
Утром-12.84 ℃
Днем-10.95 ℃
Вечером-9.95 ℃
Ночью-10.78 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра6.17 м/с
2025-01-25
Утром-12.15 ℃
Днем-9.93 ℃
Вечером-12.61 ℃
Ночью-14.03 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.97 м/с