Батыс Қазақстан облысында әйел адамды ренжіткен әкімге қатаң сөгіс жарияланды

Ауыл әкімі Бейбіт Аманғалиев өзінің кінәсін мойындап, әйелді ренжіткісі келмегенін айтып ағынан жарылды.

Әкімнің мәселесі мемлекеттік қызмет істері департаменті этика кеңесінің отырысында қаралды. Бас маман Дәурен Қайыровтың айтуынша, департаментке Бәйтерек ауданына кіретін Махамбет ауылдық округінің тұрғыны арызданды. Әкім Бейбіт Аманғалиев оған тіл тигізіп, ар-намысын қорлайтын сөз айтқан.

«Ауыл халқының жиналысы кезінде әкім мен Таңжарықова сөзге келіп қалған. Артынан әкім басқа бір адамға мессенджер арқылы дауыспен аудиохабарлама жіберген. Онда әйелдің ар-намысына тиетін сөздер де болды. Бұл аудиожазба сол әйелдің қолына түскен. Балағат сөз болмаған, бірақ ар-намысты қорлайтын сөздер айтылған», – деді Қайыров кеңес отырысында.

Ауыл әкімі мемлекеттік қызметте 11 жыл істеп келеді. Кеңес мүшелері әкімді жазалауға шешім қабылдады. Оған қатаң сөгіс жарияланды.

Айта кетейік, дәл осы отырыста Бәйтерек ауданының тағы бір әкімі – Янайкино кентінің басшысы Ауған Әлмұрзиннің ісі қаралған болатын. Әкім мас күйінде көлік жүргізген. Сол үшін 15 күнге қамалды. Оған қоса, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал этика жөніндегі кеңес оны жұмыстан босатуға шешім қабылдады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-09-21
Утром11.05 ℃
Днем15.42 ℃
Вечером16.27 ℃
Ночью14.47 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.51 м/с
2021-09-22
Утром14.95 ℃
Днем15.76 ℃
Вечером16.59 ℃
Ночью17.17 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.88 м/с