Оралда белсенді Орынбай Оқасов қатарынан үш рет әкімшілік қамауға алынды
Орал соты «бір жыл ішінде заңсыз митингіге бірнеше рет қатысқаны үшін» белсенді Орынбай Оқасовты 20 тәулікке қамады. Осымен ол камерадан шықпай үшінші рет әкімшілік қамауға алынып отыр. (Азаттық)

Оқасовты жазалау туралы жаңа шешім оның абақтыдан шығуына бір күн қалғанда яғни, 29 шілдеде шыққан. Оның алдында белсенді 10 күн, одан кейін 15 тәулікке қамалған болатын.
Бұл жолы Оқасов 30 мамырда Оралдағы орталық саябақта өткен митинг үшін жазаланып отыр.
— Соттың айтуынша, Оқасов өзінің әрекетін мойындауы тиіс, бірақ мен қорғап отырған азаматқа қайта-қайта жаза тағайындап, қамаудан шығуына мүмкіндік бермей отыр, – дейді белсендінің адвокаты Айсұлу Биялиева сот шешімі шыққаннан соң Азаттық тілшісіне.
Іс материалдарына қарағанда, билік «заңсыз» деп атаған митинг Оралда 30 шілдеде өткен. «Бостандық Freedom» деген жазуы бар плакат ұстаған Орынбай Оқасов сөз сөйлеген. Бұл хаттамаға түрткі болған.
Оқасов өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол сот шешімін апелляцияға беруге оқталып отыр.
Оралдық белсенді Орынбай Оқасов бұған дейін көптеген наразылық акцияларына қатысқан. Жуырда «Қазақстанның демократиялық таңдауы» мен «Көше партиясын» «экстремистік ұйымдар» деп тану туралы сот шешіміне қарсылық білдіріп, аштық акциясына қатысқан. Ол бірнеше рет ұсталып, әкімшілік сотқа тартылған.
Бұған дейін 24 шілдеде судья Марат Сисенғалидің шешімімен Маруа Ескендіров пен Бекболат Өтебаев әкімшілік қамауға алынған болатын. Екеуі де «бір жыл ішінде заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген митингке қайта қатысты» деген айыппен тартылды.

Маруа Ескендірова нәтижесінде 20 тәулікке қамауға алынды. Іс материалдарында айтылғандай, ол 5 маусымда билік «заңсыз»деп атаған митингке қатысты.
Бекболат Өтебаев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ол 13 шілдеде митингке қатысқаны үшін жауапқа тартылды, онда қала тұрғындары міндетті вакцинацияға қарсы шықты.
Қамауға алынған белсенділердің екеуі де сотта айтылғандай, олар 24 шілде, сенбіге қараған түні түн ортасында ұсталды. Түнде Ескендірова пен Өтебаевты полицияға әкелді. Сотқа қатысқан полиция қызметкері майор Хайруллин мұндай шара «хаттама жасау үшін қажет»деп мәлімдеді.
Маруа Ескендірова сотта сөйлеген сөзінде ұстау және кейіннен қамауға алу 25 шілде, жексенбі күні жоспарланған «митингке қатыспау үшін» қасақана әрекет екенін айтты. Белсенділер әкімдікке осы күні наразылық акциясын өткізу ниеті туралы хабарлама берді, бірақ бас тартты: қала билігі «карантиндік шектеулерге»сілтеме жасады.
Құқық қорғаушы және адам құқықтары жөніндегі бюро филиалының қызметкері Павел Кочетков белсенділерді тұтқындау кезіндегі полицияның әрекеттерін «заңсыз»деп атады.
— Полиция қызметкерлері заңсыз бақылау жүргізіп жатыр деп айтуға болады, бұл бұзушылық. Тұтқындалғандардың айтуынша, оларды бақылап, қудалаған — бұл полицияның заңсыз әрекеттері», – деді Кочетков Азаттыққа.
Бұған дейін Азаттыққа берген сұхбатында » Ар.Рух.Хақ » төрағасы Бахытжан Төреғожина билік белсенділерді үндемеу үшін 405-бапты «колотушка» ретінде пайдаланатынын мәлімдеді. Оның пікірінше, қоғамдық қызметке тыйым салу түріндегі жаза істердің саяси сипатта екенін көрсетеді.