Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай: Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймаққа өтті

Қазақстанның барлық өңірі коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа өтті. Бұл туралы 2021 жылғы 1 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында көрсетілген.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өткен соңғы өңір – Түркістан облысы.

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 104 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды ВАК.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды.

«30.07.2021 жылы коронавирус белгілері бар пневмонияның 275 жағдайы және 13 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 108 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар – 61 168, 3724 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 54658-ге жетті», – делінген хабарламада.

1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (96 145 КВИ+ және 2 786 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

28 162 пациент стационарда,

70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 652 адамның жағдайы ауыр,

417 пациенттің жағдайы өте ауыр,

187 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 7 803 жаңа жағдайы тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 580 379-ға жетті.

Батыс Қазақстан облысында185 адамнан анықталып, жалпы саны 31 175 адамға жетті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-23
Утром-19.19 ℃
Днем-14.95 ℃
Вечером-15.32 ℃
Ночью-13.42 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.47 м/с
2025-01-24
Утром-12.57 ℃
Днем-10.77 ℃
Вечером-9.61 ℃
Ночью-10.35 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра6.08 м/с