Зейнетақы жинағын алғысы келетіндер үшін жаңа қызмет іске қосылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 5 жыл сақталған ерікті зейнетақы жарналарынан төлемдерді алу үшін салымшылар enpf.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

Фотоколлаж

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін, алушыларға ыңғайлылық пен олардың уақытын үнемдеу үшін Қордағы шотта кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарналары мен олар бойынша есептелген инвестициялық кірістерден қалыптасқан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін қашықтан – қордың корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы енгізді.

Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар алушыларға зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінімдерді беру қызметі көрсетіледі» делінген хабарламада.

Төлем кімге беріледі?

  • міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: белгісіз мерзімге 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
  • ЕЗЖ есебінен: 50 жасқа толған адамдар;
  • мүгедектігі бар тұлғалар;

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотында кемінде бес жыл жатқан ЕЗЖ және олар бойынша есептелген инвестициялық кіріс көлемінде зейнетақы жинақтары бар адамдар.

Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек.

Сондай-ақ, «Электрондық қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер / аударымдар бойынша өтініштерім» қызметін пайдалана отырып, enpf.kz сайтында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да тіркелген төлем туралы өтінімнің орындалу жағдайын бақылай аласыз.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың (алушылардың) өз бастамасы бойынша БЖЗҚ -ға енгізетін ақшасы. Оларды жеке тұлғалар өз пайдасына, ал жеке және заңды тұлғалар үшінші жақтың пайдасына жасай алады. Бұл ретте ЕЗЖ төлемінің мөлшері мен жиілігін жеке немесе заңды тұлға дербес белгілейді.

Ағымдағы жылдың 1 мамырында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес:

  • ЕЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ЕЗЖ негіз болып табылады. Осылайша салымшыға (алушыға) БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Пайдасына ЕЗЖ түскен жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электронды форматында көрсетілген оның жеке мәліметтеріне (толық аты-жөні, ЖСН, туған күні) сәйкес жүзеге асырылады, ал барлық қажетті мәліметтер; жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері туралы, тұрақты тұрғылықты жері туралы, басқа да мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады;
  • БЖЗҚ -дан ЕЗЖ қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығы, басқалармен қатар, БЖЗҚ -да кемінде бес жыл бойы жинақталған зейнетақы жинақтары мен олар бойынша есептелген инвестициялық кірістері бар адамдар үшін туындайды.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша. жоғарыда көрсетілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін 2,8 мыңға жуық алушы БЖЗҚ кеңселеріне өтініш беру арқылы кемінде бес жыл бойы БЖЗҚ-да сақталған ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдаланды. Енді ЕЗЖ жинақтарын төлеуге өтінішті үйден шықпай-ақ беруге болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-23
Утром-19.19 ℃
Днем-14.82 ℃
Вечером-14.51 ℃
Ночью-13.3 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.41 м/с
2025-01-24
Утром-12.46 ℃
Днем-10.57 ℃
Вечером-9.68 ℃
Ночью-10.11 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра5.99 м/с