Жамбыл облысында жарылыс болды: әскери қойма өртеніп жатыр

Жамбыл облысының әкімдігі Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыс кадрлары. © Куәгерлер жолдаған суреттер

Әкімдік хабарына қарағанда, өрт ошағын жою жалғасып, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

«Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Бұл нысанның маңында Байзақ ауданындағы Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85) елді мекендері орналасқан, олардың тұрғындары эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Тараз қаласының тұрғындарынан үйлерінен шықпауды және терезеге жақындамауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары бөлімінің өрт сөндіру командалары жұмылғаны хабарланды. Оларға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімдері көмек көрсетеді.

«Жамбыл жүк бөлімінің Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықта орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болуына байланысты барлық пойыз қозғалысы үшін жабық.

Өрт шыққан жерден 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіру пойызы келді. Сондай-ақ, Шу станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды», — делінген компания хабарламасында.

«Байзақ ауданы Жаңатұрмыс кентіндегі Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөліміндегі жарылыстаға байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 476-шы шақырымында жол қозғалысы шектелді.

Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс Тараз жағынан 505-ші шақырым және Ақшолақ кенті тарапынан 474-ші шақырым (Жібек жолы бұрылысы) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолында ашық», — деді министрліктегілер.

ИИДМ мәліметі бойынша, әскери бөлімнің орналасуы Тараз-Алматы бағыты бойынша оң жағынан темір жол бойымен оңтүстік жағынан шамамен 250-300 метр қашықта орналасқан. Тасжол бойында «Тау Дос» және «Отырар» Қызмет көрсету нысандары орналасқан.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.Қоймалдарда не сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді.

«Қоймада ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды көшіру бойынша шаралар қабылданды», — деп мәлімдеді Руслан Шпекбаев.

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында алты жарылыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған дейін облыс әкімдігі оның ішінде ауқымды екі жарылыс болғанын хабарлаған еді.

«Бүгін сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері жұмылдырылды», — делінген ақпаратта.

Тараз тұрғындарының айтуынша, жарылыс әлі жалғасып жатыр. Жамбыл облысында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 66-ға жеткен.Тараз қаласының №1 ауруханасы мен Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам түсті. Олардың көбісі жеңіл жарақатпен, екеуі ауыр жарақат алды.

Оның ішінде 11 адам — әскери қызметкер. Жарақат алғандардың жеке басы анықталып жатыр.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазіргі уақытта 32 дәрігер мен 56 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Еске салайық, 2019 жылдың наурыз айында Арыс қаласындағы қоймада жарылғыш заттар жанып, утилизацияланған оқ-дәрілер жарылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды. Қоймадағы жарылыстың себебі — дұрыс сақтамау және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-23
Утром-14.57 ℃
Днем-12.69 ℃
Вечером-16.21 ℃
Ночью-20.45 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.31 м/с
2026-01-24
Утром-23 ℃
Днем-18.32 ℃
Вечером-21.39 ℃
Ночью-23.73 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.11 м/с