Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да пайдалана алатын болды
Қазақстанда Ashyq қосымшасын 12 жастан асқан балалар да пайдалана алатын болды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға Ashyq қосымшасында, ерікті түрде тіркелуіне рұқсат беру қамтамасыз етілді», — делінген қаулыда.
Норма басқа платформаларға да қолданылады, мысалы, etov mobile, Sity платформасындағы аналогтар, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, ashyq.kz.сайтында.
