Білім саласында қандай өзгерістер болады

Биыл қыркүйек айынан мектеп мұғалімдерін жұмысқа қабылдау тәртібі өзгереді. Бұдан бөлек, директорларды тағайындау, еңбегіне қарай жалақы төлеу және тағы басқа тың бастамалар қолға алынды. Білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығы шықты.

Мұғалімдерді жұмысқа қалай қабылдайды

Биыл қыркүйек айынан бастап педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Осыған орай білім және ғылым министрінің арнайы бұйрығы да шықты. Оған сәйкес, мұғалімді директор емес, комиссия жұмысқа қабылдайды.

«Бұрын мұғалімді жұмысқа директор қабылдайтын. Енді ондай болмайды. Электронды форматта конкурс ұйымдастырылады. Бүгінде нақты талаптар мен көрсеткіш бар. Арнайы комиссия соған қарай педагогтерді жұмысқа қабылдайды», – дейді білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Директорлар басқаша тағайындалады

Қыркүйек айынан бастап білім ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі де қолданысқа енгізіледі. Бұл ереже балалар үйі, мектеп пен колледж басшыларына арналған.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа жүйенің негізгі мақсаты – жұмыстың тиімділігін көтеру. Әйтпесе, 25-30 жыл отырған директорлардың барлығы бірдей жоғары көрсеткішке жетіп жатқан жоқ.

Енді директордың орны босатылса, үш айдың ішінде конкурс өткізілуі шарт. Ережеге сәйкес, бос орын туралы хабарлама білім басқармасының ресми сайтына ғана емес, әлеуметтік желідегі парақшасына да шығуға тиіс. Бұрын конкурс жариялаудың нақты уақыты болмағаннан кейін директордың қызметін бір адам атқарып жүре беретін.

Ал конкурс аудандық емес, облыстық деңгейде өтеді. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда:

  • кандидаттың құжат тапсыруы;
  • кадр қызметінің үміткерді біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруі;
  • электронды тестілеу (басқарушылық құзіреттілік, педагогика, психология мен заңнаманы білу);
  • қамқоршылық кеңесі алдында мектепті дамыту жоспарын қорғау;
  • білім басқармасында сұхбаттасудан өту.

Үміткерке қойылатын талаптар да күшейтілді. Атап айтқанда, еңбек өтілі кем дегенде бес жыл болуы шарт. Сондай-ақ, оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс істеуге тиіс. Мектеп директоры 5 жылға тағайындалады.

Аттестаттау оңай болмайды

Сондай-ақ, бүгінде алғаш рет білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларын аттестаттау енгізіліп жатыр. Соған қарай біліктілік санатын беріледі.

Аттестациялау үш жылда бір рет өткізіледі және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде басшылардың білімі мен басқарушылық құзыреттері тексеріледі. Ол үшін тест тапсырып шығу қажет. Ал екінші кезеңде белгілі бір уақытта атқарған жұмыстың тиімділігі бағаланады.

Аттестаттаудың нәтижесі бойынша комиссия басшының атқаратын лауазымына сәйкес, я сәйкес еместігін анықтайды. Үш санаттың біреуін береді. Директор лауазымына сай болмаса, жұмыстан босатылуы мүмкін.

Басшылар жұмысына қарай ақша алады

Бүгінде мектеп директорларының жалақысы әділ төленбейді. Мәселен, бір мектепте 100 бала оқыса, басқасында оқушылардың саны 1 000-нан асады. Бірақ екі мектеп директоры бірдей жалақы алады. Білім және ғылым министрлігі осы әділетсіздікті де шешуді көздеп отыр.

Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, әрбір білім беру мекемесінде дифференциалды түрде жалақы төлеу жүйесі болады. Бұл дегеніміз, мектеп директоры болсын, колледж басшысы болсын, жұмыстың жүктемесіне қарай еңбекақы алады. Сонда басшылыққа мықты менеджерлер келуі керек.

Жалақының мөлшерін белгілеу кезінде аттестаттаудың нәтижесі де ескеріледі. Санатқа қарай лауазымдық жалақыдан 30 процент, 70 процент және 100 процент қосымша ақы төленеді. Осылайша, мектеп директорлары мен орынбасарларының лауазымдық жалақысын мұғалімдердің орташа жалақысының деңгейіне жақындатуға мүмкіндік береді.

Мұғалімдердің жалақысы қалай өседі

Ал 2022 жылдан бастап балабақша, мектеп пен колледж педагогтарының жалақысы тағы 25 процентке көтеріледі.

2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге көтеруді тапсырған. Содан педагогтардың еңбекақысын жыл сайын 25 процентке көтеру шаралары басталды. 2023 жылы осы көрсеткіш 100 процентке жетіп, мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі.

«Алтын белгінің» талаптары күшейтіледі

Биылдан бастап «Алтын белгіге» үміткер оқушыларға қойылатын талаптар күшейе түседі. Бұған дейін тек оқу жылы соңындағы нәтиже ғана есептелсе, енді әр тоқсанның бағасы ескеріледі.

«Біз жыл сайын талаптарды кезең-кезеңімен қайта қарап келеміз. Өткен жылы талапты қатаңдату мәселесі көтеріліп, бірқатар өзгеріс енгізілді. Биыл екінші кезеңде үміткердің оқу жылы соңындағы нәтижесі ғана емес, 5-11 сынып аралығында әр тоқсанды беске аяқтауы ескеріледі», – дейді министр Аймағамбетов.

Бұдан бөлек, «Алтын белгіге» үміткер мектепте мемлекеттік емтиханды беске тапсыруы шарт.

Мұғалімдер оқулықты өздері таңдайды

Болашақта 1-11 сыныптарға арналған негізгі оқулықтардан бөлек баламалы оқулықтар да болады. Оны мұғалімдердің өздері таңдайды.

«Біз мұғалімдерге барынша тиімді оқулықты таңдау мүмкіндігін беруіміз керек. Қайсы дұрыс десе, сонымен сабақ беруі тиіс. Қазір бірыңғай оқулықтармен гимназиялар да, лицейлер де, мектептер де оқиды. Бірақ салалық бағдар ескерілмейді. Ал жаңа норма осы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Педагогтердің өздері де қажетті оқулыққа тапсырыс бере алады», – дейді білім министрі.

Қазіргі жоспарға сәйкес, мектеп мұғалімдері оқулыққа тапсырыс береді. Білім және ғылым министрлігі оны сараптаудан өткізеді. Ал баспалар шығарады. Мұғалімдер таңдаған оқулықтар мектептерге таратылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-03
Утром-0.83 ℃
Днем1.42 ℃
Вечером3.38 ℃
Ночью3.01 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.8 м/с
2021-12-04
Утром2.84 ℃
Днем5.23 ℃
Вечером5 ℃
Ночью4.42 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра9.8 м/с