Су- тіршілік нәрі

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы төрт түлікке қажетті тіршілік нәрінен тарығып отыр. 17 көлтабанның қазір тек екеуінде ғана су бар. Тіршілік нәрінің тапшылығы шөп шығымына да кері әсерін тигізген.

Аудан аумағындағы көлтабандарға соңғы 4 жыл бойы су түспеген. Жайық өзенінің тартылып кеткені өз алдына, жауын-шашынның аз болуы да жағдайды қиындата түседі. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған суландыру жүйелері, яғни каналдар мен су реттегіш қақпалары тозып тұр. Ауданды тіршілік нәрімен толық қамту үшін жылына 330 миллион текше метр су қажет. Соңғы 4 жылда Жаңақаладағы 17 су қоймасының барлығы құрғап, қалған екеуі тартылып барады. Су болмаған соң мал азығының бағасы да аспандап кетті. Жаңақаланың іргесіндегі Соркөл тартылып қалды. Осы Соркөл жақтан жел соққанда ауылға сор тұзының бәрі ұшып келеді. Тұзды шаңмен ауыл тұрғындары демалып отыр.

Пятимар ауылынан Рысқалиев Санат Сағынұлы «Санжар» ШҚ жетекшісі: 2005 жылдан бастап шаруа қожалығымен айналысамын, 2014 жылдан су жоқ, қар суымен күн көреміз, басқалай су жоқ. Қар түссе су болады, аз жауса су да жоқ.

Мәштексай ауылынан «Мұрагер» ШҚ басшысы Айғалиев Біржан: 1997 жылдан бері шаруа қожалылығын ашып еңбектеніп жатырмыз. Соңғы 13 жылдан бері су тапшылығын көріп келеміз.Үкіметтен көмек болса екен деп үміттенеміз.

 «Шамұрат» ШҚ жетекшісі Шамұратов Темірлан Жаңақала ауылының тұрғыны: Тек өзен,көл емес құдықтарымыз да тартылып, суы ащыланып жатыр. Болашақта мал түгілі адамға да су тапшы бола ма деп қорқамыз. 2018 жылдан бері Көшім каналынан бір тамшы су тамған жоқ.

Иманғалиев Нұрсұлтан Хамитұлы «Иманғали» ШҚ жетекшісі: Шөптің бағасы биыл 7-8 мың. Су болмағасын шөп те жоқ. Құдықтың да суы тартылып барады. Бірде жетсе, бірде жетпейді.

Закария Сисенғали, Еңбек ардагері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі: Жергілікті тұрғындар мен шаруа қожалықтары судан мұқтаждық көріп отыр. Болашақта жағдай өте ауыр болмақ. Кезіндегі шалқыған көлдер тартылып қалды. Ешкім келіп елдің жағдайын біліп жатқан жоқ.

Байкенов Талғат Жаңғала шаруа қожалықтары одағының төрағасы:

7 жылдан бері су жоқ, су болмағасын шабындықта шөп жоқ. Несие алып асыл тұқымды мал алғанымызбен су мен шөптен таршылық көріп, қатты қиналып отырған жайымыз бар. Не мал азығы жоқ, не су жоқ. Ақтөбедегідей шаруа қожалығына көмек берілсе екен дейміз. Мемлекеттен көмек сұраймыз.

Жаңақалаға тіршілік нәрі Көшім каналы арқылы Жайықтан және Қарөзен мен Сарыөзен арқылы Ресейден жеткізіледі. Мамандар өзекті мәселенің басты себебін соңғы жылдары осы өзендерден келетін су көлемінің өте төмендеп кетуімен байланыстырады.500 ден аса шаруа қожалығы, 70 мыңдай ірі қара мен 200 мыңға тарта қой-ешкісі бар аудан үшін тіршілік нәрінен тарығу оңай емес.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНШАЖаңақала және Бөкейорда ауданында су арналары бос тұр (БЕЙНЕ)

БҚО-да фермерлер мемлекеттен қолдау сұрайды

БҚО-да шөп жетіспегендіктен фермерлер малдарын сойып жатыр

БҚО-да су тапшылығы: каналдар мен көлдер құрғап жатыр

БҚО ауылдарында құдықтағы ауыз су қоры таусылып жатыр

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.99 ℃
Ночью-15.79 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с